
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2020 жылы 14 ақпандағы №Ж-71 бұйрығымен Елена Михайловна Алмасова ҚР ҚМ ҚК Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті Бурабай аудандық қазынашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Елена Михайловна Алмасова, 1976 жылы дүниеге келген. Бұрын атқарған лауазымы ҚР ҚМ ҚК Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті Шортанды аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.