Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Токбаевтың жұмыс кездесуі

Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Токбаевтың жұмыс кездесуі

2022 жылғы 19-21 мамыр аралығында ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы Р.Токбаев Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық Департаментіне, Қазалы, Қармақшы, Байқоңыр, Жалағаш аудандық қазынашылық басқармаларына шығуды жүзеге асырды.

Жұмыс кездесуі барысында департамент пен аудандық қазынашылық басқармаларының 2021 жылғы ішкі қызметінің қорытындылары туралы басшылардан ақпарат тыңдалды.

Аудан орталықтарында Қазынашылық комитетінің төрағасы жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесулер өткізді, онда жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуге, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы"атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудағы қазынашылық жүйесінің рөліне қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Электрондық депозитарийді жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.