
Бүгін Қаржы министрлігінің қызметкерлері Мемлекеттік кірістер комитеті бастамашылық еткен конкурсқа қатысты. Қазақтың көрнекті саяси қайраткері, ғалым және ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай, сондай-ақ Қазақстан халқының тілдер күніне орай әндер, өлеңдер,күйлер шырқалды.
Қазынашылық комитетінің атынан Алтынбеков Кемел, Әнуаров Абылайхан және Әмірғали Айнагүл Нұр-сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінен конкурсқа қатысты.
Сайыста жүлделі ІІ орынды Кемел Алтынбеков иеленді!
Конкурс ұйымдастырушылары алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.