
2022 жылғы 17-18 тамызда ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Кельдибаевич Токбаев Жетісу облысы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қазынашылық Департаментіне барып қайтты.
Сапардың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бюджеттің атқарылуына қазынашылық қызмет көрсету мәселелерін талқылау, сондай-ақ Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаментінің жаңадан тағайындалған басшысын ұсыну болды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бюджеттің атқарылуына қазынашылық қызмет көрсету, сондай-ақ ғимараттың жай-күйі мен оны жабдықтау мәселелері талқыланды, Департаменттер қызметіндегі проблемалық мәселелер қаралды.