
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2022 жылы 15 тамыздағы №Ж-378 бұйрығымен Светлана Сергеевна Лим ҚР ҚМ ҚК Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары болып 2022 жылғы 18 тамыздан бастап тағайындалды.
Светлана Сергеевна Лим, 1970 жылы дүниеге келген. Бұрын атқарған лауазымы ҚР ҚМ ҚК Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.