
Мемлекеттік қызметтің имиджін насихаттау және арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті "Менің кәсібім мемлекеттік қызметші"тақырыбында бейнероликтер конкурсын өткізді.
Конкурстың финалына мемлекеттік қызметшілердің 5 бейнеролигі және мемлекеттік органдардың 2 бейнеролигі өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша К.В. Прохвацкий – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің электрондық депозитарий бөлімінің басшысы құрметті екінші орынға ие болды.
Құттықтаймыз!!!