
Құрметті отандастар!!!
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын !
Жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің маңызды көрінісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері болды.
Мемлекет рәміздері-бұл оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің айғағы. Олар мемлекеттілік, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға шоғырлану және ұмтылу идеясын білдіреді.
Олар Отанға деген сүйіспеншілікке, оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылуға және оны қорғауға дайындыққа негізделген ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. Төртінші маусым Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні болып жарияланды. Жыл сайын бұл күні бүкіл ел қазынашылары біздің мемлекеттік рәміздеріміз — Қазақстанның Туы, Әнұраны және Елтаңбасын құрметтейтін түрлі іс-шаралар өткізеді.
Тәуелсіз еліміздің лайықты Болашағы бізден бірлескен күш-жігерді, жасампаз әрі жемісті жұмысты талап етеді. Қазақстандық патриотизм-ел ұлылығының сенімді кепілі!
Осы жарқын, мерекелік күнде амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Отанымыз - Қазақстанымыз гүлдене берсін, оның тәуелсіздік туы биік болсын!
Рахат Тоқбаев, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы