
2019 жылдың 23 қарашасында «Ақ Жол» партиясы Қостанай облыстық филиалының бастамасымен мини-футбол бойынша қалалық турнир өтті. Турнир бірден екі мерекеге орай ұйымдастырылды -Ұлттық валюта күніне және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне.
Турнирге бес команда қатысты, «ВТБ», Eurasian Bank банктері, «Ақ Жол» партиясы, қала әкімшілігінің командасы мен Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментінің құрама командалары.
Турнир нәтежесі бойынша бірінші орынды Қостанай қаласы әкімшілігінің құрамасы иеленді. Екінші орынды «Ақ Жол» партиясының командасы және үшінші орынды Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің құрамасы иеленді.