
Жақсылықов Ғабиден Хасенұлы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітірген.
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Қызметтер статистикасы департаментінің Көлік және байланыс қызметтері статистикасы басқармасында бастаған.
2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде түрлі лауазымдарды атқарды.
2014 - 2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызметтер статистикасы және энергетика басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2015-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінде қызмет істеді.
Қаржы министрлігінің құрылымында 2018 жылдан бастап ҚР ҚМ Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджеті департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен және «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100 жыл» наградалық белгісімен марапатталған.