
ҚР Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ұжымына Комитеттің жаңа басшысы Рахат Келдібайұлы Тоқбаевты таныстырды.
Рахат Тоқбаев Алматы халық шаруашылығы институтын және «Тұран» университетін бітірген.
Еңбек жолын қаржы-кредит мекемелерінде, Ұлттық Банктің ЕКО-да, облыстық Агроөнеркәсіптік банкте бастады.
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің жүйесінде 20 жылдан астам жұмыс істейді.
2005-2006 жылдары Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды.
2006-2007 жылдары Астана қаласының Қаржы департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2007-2021 жылғы мамырға дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымын атқарды.
2021 жылдың мамырынан бастап қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
«Құрмет» орденімен және басқа да төсбелгілермен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.