Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әдеп жөніндегі уәкілдеріне арналған семинар-кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әдеп жөніндегі уәкілдеріне арналған семинар-кеңес өтті

Қызметтік әдеп нормаларын енгізу жөніндегі жұмыстарды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде 2018 жылғы 14 ақпанда «ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру бойынша әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Кеңес жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің, «Білім» ҒЗИ-дың өкілдері, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарының қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Жумабекұлы Ташмағамбетов қызметтік әдеп нормаларын сақтау және бұзушылықтарын алдын алу бойынша  2017 жылы жүргізілген жұмыстар туралы хабардар етеді.