2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінде Алқа отырысы өтті

2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінде Алқа отырысы өтті

2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінде қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары басшыларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы Алқа отырысы өтті.

Алқа отырысы барысында Қазынашылық комитетінің 2017 жылғы жұмысының қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттері қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттары мен міндеттері талқыланды.

Сондай-ақ, құрылыс саласы бойынша мемлекеттік сатып алуды Қазынашылық сүйемелдеудің ағымдағы жағдайы, перспективалары және одан әрі енгізудің мәселелері, «Қазынашылық-клиент» жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші бюджеттің деңгейін енгізудің одан әрі жұмысын жалғастыру туралы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік серіктестігінің шарттарын тіркеу туралы мәселелері де қарастырылды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы А.К.Ахметов жоғарыда көрсетілген міндеттер бойынша нақты тапсырмалар берді.