Қарағанды облысының қазынашылық Департаментінің бірінші басшысы Кротова Вера Петровнаны Еске алу

Қарағанды облысының қазынашылық Департаментінің бірінші басшысы Кротова Вера Петровнаны Еске алу

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық Департаментінің бірінші басшысы болған Кротова Вера Петровна 2018 жылдың 2 наурызы күні 68 жасқа толар еді. Вера Петровна Қарағанды облысының қазынашылық жүйесінің дамуына және қалыптасуына кең мағынада айтқанда басты рөл атқарған лайықты адам.

Кротова Вера Петровна шын мәнінде тамаша, өте сирек кездесетін жан мейірімділігі кең және тартымды адам болған. Кротова Вера Петровна жас маман ретінде еңбек жолын 1968 жылы аудандық қаржы бөлімінде бухгалтерлік лауазымынан бастады, содан кейін аға, бас бухгалтер, бюджет бөлімінің басшысы – облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары  болып жұмыс істеді. 1995 жылы қазынашылық басқармасының құрылуына сәйкес Кротова Вера Петровнаны қаржы жүйесіндегі үлкен тәжірибесін және жоғары кәсіпқойлығын ескере отырып ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен басқарма басшысы етіп тағайындалды. 2009 жылы Вера Петровна лайықты зейнеткерлік демалысына шықты. Ол кісінің үлесіне қазынашылық жүйесінің қалыптасу және даму сатысының ең бір күрделі кезеңдері түсті. Кротова Вера Петровна таратылған бюджеттік банк және қазынашылық қазметкерлерін аса зор төзімділікпен бір ұжымға біріктірді.  

Кротова Вера Петровна қаржы және қазынашылық қызметінің ең үздігі бола отырып, Қарағанды облысының мемлекеттік органдары мен қаржыгерлер арасында шынайы сыйлы болды.        

Қазақтың ойшыл ақыны Шәкәрім айтқандай «Адамның қарапайымдылығын, әділдігін, мейірімділігін бір сөзбен – Ар деп атаймын», міне бұл сөздердің барлығы біз шексіз құрметтейтін Вера Петровнаны сипаттайды.

Вера Петровна жеке өмірінде де және кәсіптік жағынан да шынайы жетістіктерге жетті. Ол әрқашан өзінің дарынымен, терең пікірлі басшы ретінде, сирек кездесетін табиғатынан дана және алғыр көшбасшылық қасиетке ие адам ретінде жағымды әсер қалдырды, сондай-ақ әрқашан қазынашылықты біртұтас жүйе етуге тырысқан. Көп адам осындай табысты ғұмырды қалар еді. Л.Толстой әділ байқағандай «Тағдырда кездейсоқтық жоқ: адам өз тағдырына көнбей тағдырын өз қолымен жасайды», лайықты жетістік – бұл зор еңбек пен өзіндік даму, адамдармен жұмыс істей білу, тәжірибе мен білім, кез-келген іске ерекше шығармашылық көзқараспен қарай білу және ұйымдастырушылық жағынан дарынды болу керек. Бұл қасиеттерді дамытып және оны іске асыру әркімнің қолынан келе бермейді. Вера Петровнаға бұны істеу толығымен қолынан келді. Бірақ ешқашан бұл қасиеттерін мақтанып айтқан емес, өйткені сондай қарапайым және әділ адам болатын. Осынысымен артынан игі бір өшпес із қалдырды...

Вера Петровнаның енді қасымызда болмайтынына сену қиын. Бізге ол кісінің жарқын күлкісі, байсалдылығы жетіспейтін болады... Мұның барлығы қайтып келмейтін өткенің еншісінде кеткені сондай өкінішті. Өмірі – жарқ ете қалған жұлдыздай. Вера Петровнаның өмір жолында кездескен әрбір адам ұмытылмас қас қағым сәтті есте сақтап қалды. Сенімді дос, шынайы патриот, шыншыл және жоғары парасатты адам ретінде есте сақтап қалады.