2018 жылғы 24 мамырдан 1 маусым аралығында ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінде кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін сақтау мәселесі бойынша 2017 жылға Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті, Ресей Федерациясының Есеп палатасы, Армения Республикасының аудиторлық палатасы, Қырғыз Республикасының Есеп палатасы және Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлескен бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Бақылаудың мақсаты: Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі-ЕАЭО) мүше мемлекеттердің бюджеті арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждары (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Армения Республикасы және Қырғыз Республикасы шоттарына толық және уақытылы аударуын тексеру, сонымен бірге ЕАЭО кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлу тәртібінің жұмыс істеуінің қорытындысын талдау.
Бақылаудың қорытындысы бойынша, бақылау қамтылған кезеңде кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлу мерзімінде, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында ақпарат алмасу бойынша бұзушылықтар орнатылған жоқ.