2018 жылдың 11-16 маусымында мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және үздік қызметкерлерді көтермелеу мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қызметші күніне орай «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін үздік қызметшісі» атты конкурс ұйымдастырды. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар 22 маусымда салтанатты түрде марапатталды.
Аталған конкурсқа Қазынашылық комитеті де белсене қатысты. Қазынашылық комитеті бойынша МОАП-да онлайн дауыс беру арқылы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің патриоты» номинациясында Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Мырзатайқызы Байгужина жеңімпаз атанды.
Қазынашылық комитеті бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарастыру» номинациясымен Заң қызметі басқармасының бас сарапшысы Егембердиев Дәурен Жұмабайұлы марапатталды.
Комитет бойынша «Орындаушылық тәртіп (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын орындау)» номинациясында Түсімдерді есепке алу басқармасының бас сарапшысы Әубәкірова Раушан жеңіске жетті.
Комитет бойынша «Аса маңызды және күрделі тапсырманы орындау» номинациясында Ведомстволық бақылау басқармасының бас сарапшысы Биболдинова Әсем Асқарқызы үздік деп танылды.
Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Халық пен мемлекет алдындағы қалтқысыз қызметтеріңізге алғыс айта отырып, істеріңізге сәттілік тілейміз!