2018 жылдың 29 тамызында «Қаржы министрлігі» ғимаратында Қазынашылық комитеті ұжымының ұйымтастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Аталған шара барысында мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының әнұранын орындап, Конституция тарихы туралы видеоролик тамашалады және қызметке жаңадан қабылданған мемқызметшілер ант берді.
Шараның бейресми бөлігінде жас таланттар патриоттық әндер шырқап, күмбірлете күй шертіп, мың бұрала би биледі.