
2019 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыаншылық комитетінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2018 жылдың қорытындылары және 2019 жылдың міндеттері» тақырыбына Алқа мәжілісі өтті.
Алқа отырысына Қаржы Министрлігінің Жауапты хатшысы Тортаев Бауыржан Қадырұлы, Қаржы министрлігінің Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры Шаймұратова Динара Шауалитқызы, Қазынашылық комитетінің төрағасы Қарашукеев Ербол Шырақпайұлы, Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасарлары, облыстар, Алматы, Шымкент және Астана қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің басшылары мен Қазынашылық комитетінің басқарма басшылары қатысты.
Алқа мәжілісі Д.Шаймұратованың «Қазынашылық органдарында жалақыны және іссапар шығыстарын орталықтандырып есептеу. Проблемалық мәселелер және олады шешу жолдары» тақырыбындағы баяндамасымен ашылды. Баяндама мазмұны Алқаға қатысушылардың қызығушылығын туғызып, қызу талқыға түсті. Аталған мәселе төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып, проблемалары көтерілді.
Алқа отырысын ары қарай А.Байгенжина «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу» тақырыбындағы баяндамамен, А.Байгужина «Қазынашылық аумақтық органдарының рейтингтік бағалау нәтижелері» тақырыбындағы баяндамамен, Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы С.Бейсенов пен Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Р.Мыңбаев «Қазынашылық департаменттерінің жұмысының қорытындысы және 2018 жылғы рейтингтік бағалаудың қорытындысы бойынша ең жоғарғы және төмен бал алғандар Қазынашылық департаменттері және олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар» тақырыбындағы баяндамаларымен жалғастырды.