
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің әдеп жөніндегі уәкілі К.Б.Арыстанбекова 2019 жылдың 15-17 мамыры аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша қазынашылық департаменттерінің ұжымымен ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізді.
Жоғарыда аталған департаменттердің ұжымдарымен кездесуге басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаменті ұжымымен кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторы Сыздықова Ғайша Ибрагимқызы медиация негіздері тақырыбына баяндама оқыды. СҚО бойынша қазынашылық департаментінің ұжымымен кездесу барысында «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық офисінің басшысы, М.Қозыбаев атындағы СҚО мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Таласпаева Жанар Серкешқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы жайлы баяндама жасады.
Сонымен қатар, К.Б.Арыстанбекова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінің ұжымымен бірге Көкшетау қаласының тарихы мұражайына, СҚО бойынша қазынашылық департаментінің ұжымымен бірге Абылай хан мұражайында болып қайтты.