
2019 жылғы 22 мамырда Әдеп жөніндегі уәкіл Кәмшат Арыстанбекованың ұйымдастыруымен Қазынашылық комитетінің қызметкерлеріне арналған тағылымдық дәріс өтті.
Дәріс барысында Қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасының басшысы Зәуреш Мукушева «Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР Ұлттық Банкінің салымдарына орналастыру» тақырыбына, Түсімдерді есепке алу басқармасының бас сарапшысы Раушан Аубакирова «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын пайдалану және қалыптастыру көздері» тақырыбына баяндама жасады.
Комитет қызметкерлері Ұлттық қордың құрылу тарихымен, оның пайдалану және қалыптастырылу көздерімен, Ұлттық қордың соңғы 9 жылдағы түсімдерінің талдау таныстырылды. Сонымен қатар, депозиттерді орналастыру, сыйақы мөлшерлемесі, орналастыру мерзімдері мен оларды қайтару механизмдері баяндалды.