Қазынашылық комитетінде дәріс өтті

Қазынашылық комитетінде дәріс өтті

2019 жылғы 11 маусымда Қазынашылық комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі   К. Б. Арыстанбекова Қазынашылық комитетінің қызметкерлеріне оқыту дәрістерін өткізу бойынша іс-шара ұйымдастырды.

 Дәріс барысында Қаржыландыру жоспарларын орындау басқармасының басшысы Н. Х. Жақсылықова "Жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және оған өзгерістер енгізу" тақырыбына және Төлем операциялары басқармасының басшысы Н.Ш. Мұхаметәлі "Ұлттық Банктің төлем жүйесінің Қазынашылық жүйесімен өзара іс-қимылы" тақырыбына баяндама жасады.

Техникалық оқу барысында Қазынашылық комитетінің қызметкерлері түсімдер және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру бойынша жоспарлар жобаларын қабылдау, оларды тексеру, жинақтауды жүзеге асыру, теңгерімдеу және бекіту кезеңдерін қоса алғанда, жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру процесімен танысты. Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінің жұмыс істеу мәселелері талқыланды және Қазынашылық комитетінің төлемдері туралы статистикалық мәліметтер келтірілген.