
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетінде 2019 жылғы 14 маусымда Қазынашылық комитеті төрағасының м. а. А. М. Байғужинаның төрағалығымен және облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша Қазынашылық департаменттері басшысының орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізудің екінші кезеңі, сондай-ақ қазынашылық органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.
Тұжырымдамалық тәсілдер зерделенді, жобаларды іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер, шешу әдістері мен жолдары қаралды, пікір алмасу жүргізілді.