
Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Тюлюпов Ерлан Қуанышұлы «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсына қатысу шеңберінде, екі кезең қорытындысы бойынша ең көп балл жинап, 2019 жылы Қазақстанның басқа он мемлекеттік қызметкерімен тең дәрежеде үздік деп танылды. Сондай-ақ, конкурстың он жеңімпазы – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің ведомстволық бақылау бөлімінің бас маманы Айымгүл Мұхаметкановна. Биыл байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 450-ден астам мемлекеттік қызметкер қатысты. «Қазақстан Республикасының 2019 жылғы Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының қатысушылары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың қолынан марапатқа ие болды. Марапаттау рәсімі Бурабай курорттық аймағында «Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-мен бірлесіп Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамашылық еткен жас мемлекеттік қызметшілердің республикалық форумы аясында өтті.