2019 жылғы 24 маусымынан бастап 2 шілде аралығында, кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу және есепке алу тәртібі туралы Хаттаманың ережелерін Қазақстан Республикасымен орындалуын, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше-мемлекеттердің 2018 жылға, олардың ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің бюджеттері кірісіне аударылуын мемлекеттік бақылау органдарының өкілдерімен біріккен тексеріс жүргізілді. Тексеру мақсаты, кедендік әкелу баждарының (салықтар мен балама әсер ететін алымдар) сомаларын бөлу және есепке алу тәртібін қолдану бойынша Қазынашылық комитетінің қызметін, әкелінетін кедендік төлемдердің бөлінетін сомаларын аудару және бөлу бойынша уәкілетті орган ретінде тексеру болып табылды.
Тексерудің қорытындысы бойынша, бөлінген кедендік әкелу баждарын аудару және бөлу мерзімінде, сонымен қатар бақылау қамтылған кезеңінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер арасында ақпарат алмастыру бойынша бұзушылық анықталған жоқ.