PEMPAL ҚҚ жыл сайынғы пленарлық отырысының бейнеконференциясы

PEMPAL ҚҚ жыл сайынғы пленарлық отырысының бейнеконференциясы

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Pempal Қазынашылық қоғамдастығының атқарушы комитетінің отырысы өтті, оның құрамына Беларусь, Түркия, Грузия, Албания, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы және Қазақстанның мемлекеттік қазынашылықтарының өкілдері қатысты.

Осы отырыста Pempal Қазынашылық қоғамдастығының 2021 жылғы қазан-желтоқсанда өткізуге ұсынылатын іс-шаралары талқыланды. Талқылау форматы өтімділікті басқару және болжау, Бірыңғай қазынашылық шот, қазынашылық операцияларында ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай-ақ PEMPAL мүше елдердегі қазынашылық функцияларын талдау бойынша білімнің жаңа өнімі тұжырымдамасының жобасын талқылау сияқты мәселелер бойынша бейнеконференция нысанында өткізілді.

Сонымен қатар, 2022 күнтізбелік жылы бетпе-бет іс-шаралар өткізу мүмкіндігі қарастырылды, сондай-ақ Атқару комитеті мүшелерінің өз елдеріндегі шекарадан өтуге қатысты талаптар мен шектеулер туралы ақпараты ұсынылды.