Қазынашылық органдарының әкімшілік актілеріне дау айту және ҚР Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар

Қазынашылық органдарының әкімшілік актілеріне дау айту және ҚР Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар

Бүгін Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің  алаңында  санитарлық нормаларды сақтай отырып семинар өткізілді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты ӘРПК нормаларын практикада қолдану тәртібін түсіндіру болды.

Семинар жұмысына Нұр-Сұлтан  қаланың  сотының әкімшілік істер жөніндегі  сот алқасының  төрағасы Абдугалиев Д.А., Комитет  төрағасы Джумадильдаев А.С., Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС судьялары және мемлекеттік  органның  қызметкерлері  қатысты.

Судья Эльвира Искакова әкімшілік істерді  қарау тәртібін түсіндірді, сот практикасынан мысалдар келтірді, проблемалық мәселелерді көрсетті.

Судья Айгуль Акпанова  жария-құқықтық даулар бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу, татуласудың артықшылықтары мен әкімшілік қалауы туралы айтып берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, ынтымақтастық үшін алғыстарын білдірді.