Мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий мәселелері жөніндегі Қенес туралы

Мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий мәселелері жөніндегі Қенес туралы

2021 жылғы 9 қыркүйекте ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Ж.Б. Сапарованың төрағалық етуімен облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің (бұдан әрі- Департаменттер) басшыларының қатысуымен Мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды қарау бойынша проблемалық мәселелер, электрондық депозитарий бойынша функцияларды жүзеге асыратын жұмыс тобы қызметкерлерінің санын арттыру мәселелері қаралды, сондай-ақ департаменттердің қызметін рейтингтік бағалау жобасы қаралды.

Департамент басшыларына әлеуетті өнім берушілердің верификация (текскру) кезінде белгіленген электрондық депозитарийде жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша  дәйексіз ақпарат ұсынған кезде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды қарау, осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа жүгіну үшін құжаттарды  дайындау бойынша түсініктемелер берілді.