Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдама жолдауын іске асыру аясында 2021 жылғы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Естаева Салтанат Есімхановнамен ШҚО әкімдігінің "Шығыс Адалдық алаңы" жобалық кеңесінің басшысымен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар" тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
С.Естаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс - шаралар жоспарына сәйкес департамент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізетінін, сондай-ақ жұмыс тобы Департаменттің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізетінін атап өтті. Қазынашылық органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға, оның ішінде парасаттылықты, әдептілікті нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
Сондай-ақ, С.Естаева бүгінгі таңда қазынашылық органдары толығымен электронды форматқа көшірілгенін және осы жүйені қолдана отырып, "Қазынашылық-Клиент" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтінін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болу шарттары ең төменгі көрсеткіштерге жеткізілгенін атап өтті.