Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті жеке тұлғалардың залалын мемлекеттік бюджеттен өтеу жөнінде жалған хабарламамен байланысты алаяқтық фактілері бойынша хабарламалардың түскені туралы хабарлайды.
Сіздің назарыңызды қазынашылық органдары жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтініне және қаржы пирамидаларының әрекеттерінен және басқа да алаяқтық схемалардан зардап шеккен тұлғаларға қатысты ешқандай залалды өтемейтініне аударамыз!
Қаскүнемдер әртүрлі банктік операциялар бойынша мамандардың артына тығылып, сенімді азаматтарды мемлекеттік бюджеттен келтірілген залалды өтеу бойынша Қызметтерді төлеуге мәжбүр етеді.
Осылайша, қандай да бір жағдай орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына жүгінулеріңізді сұраймыз.