Меню

Страницы

Статья

Қазақстан қазынашылығы халықаралық аренада

Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Қазақстанның қазынашылық саласы  инновациялық және ашық мемлекеттік органдардың біріне айналдырды.

Бұл жүйе 1994 жылы Президенттің Жарлығымен құрылған болатын. Бүгінгі таңда қазынашылық саласы  ұлттық қаржылық тұрақтылықтың тірегі ғана емес, сонымен қатар халықаралық кәсіби қоғамдастықтың белді мүшесі болып табылады.

Цифрландыру халықаралық танымалдылықтың бір жолы ретінде  

Қазақстан қазынашылығының басты артықшылығы - мемлекеттік қаржыны басқаруды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берген цифрлық технологияларды енгізуінде еді. 2001 жылы Oracle және Hewlett-Packard компанияларымен бірлесіп, бюджеттік процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұл тәжірибе халықаралық тәжірибеде алғашқылардың бірі болды - бұрын тек корпоративтік секторда қолданылған шешімдер мемлекеттік басқаруға бейімделді.

2005 жылы Қазақстан Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (ҚИАЖ)  үшін беделді халықаралық "Тhe Computer World Honors" сыйлығына ие болды. Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік банктің сарапшылары, сондай-ақ бірқатар елдердің мамандары  бюджет процесін цифрландыруда Қазақстан  тың жол көрсеткенін атап өтті.

Халықаралық қауымдастықтар және тәжірибе алмасу

Қазақстан мемлекеттік қаржыны басқарудың үздік тәжірибелері талқыланатын халықаралық платформаларға белсенді атсалысуда. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті PEMPAL (Public Expenditure Management and Peer Assisted Learning) - Дүниежүзілік банктің қолдауымен жұмыс істейтін Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Балқан елдерін біріктіретін қазынашылық қоғамдастықтың мүшесі. Онда Қазақстан шешуші рөл атқарады: біздің еліміздің өкілдері ұйымның Атқарушы комитетіне кіреді.

Талқылау тақырыбы өтімділік пен мемлекеттік қарызды басқарудан бастап қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар шешімдерін енгізуге және ішкі бақылауды күшейтуге дейінгі ең өзекті бағыттарды қамтиды. PEMPAL-ға қатысудың арқасында Қазақстан әріптестерінің тәжірибесін қабылдап қана қоймай, цифрландырудың өз тәжірибелерімен белсенді бөлісуде.

2018 жылдан бастап Қазақстан өңірдің 14 елімен тәжірибе алмасатын PEMNA (Рublic Expenditure Management Network in Asia) қауымдастығына да қатысады. Әлемдегі ең жетілген қаржы жүйесі болып табылатын Оңтүстік Кореяның тәжірибесі - оның dbrain  ерекше қызығушылық тудыруда. Қазақстан үшін бұл - тәжірибені қабылдау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы инноваторлық лидерлік, жаңашылдық мәртебесін бекіту мүмкіндігі десек те болады. 

Екіжақты байланыстар: Еуропадан Азияға дейін

Халықаралық қоғамдастықтарға мүшелікпен ғана шектелмей, Қазақстан қазынашылығы екіжақты қатынастарды белсенді дамытуда. Ресей, Венгрия, Беларусь, Украина және Сербия қазынашылықтарымен меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер бірлескен семинарлар өткізуге, білім алмасуға және бюджеттік қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан халықаралық кездесулер алаңы ретінде

2023 жылдың мамыр айында Алматыда PEMPAL қазынашылық қоғамдастығының пленарлық отырысын өткізу әлемдік қоғамдастықтың жоғары сенімінің дәлелі болды. Іс-шараға 15 елдің өкілдері және PEMNA-ға мүше бес мемлекеттің қонақтары қатысты. Халықаралық ынтымақтастық, цифрландыру және тәуекелдерді басқару мәселелеріне басты назар аударылды.

Аталған шаралардың маңызы зор болды: Қазақстан сенімді серіктес және қаржыны басқару саласындағы жаһандық сын-қатерлерді талқылауға арналған алаң ретінде қарастырылады.

Қорытындылай келе, мемлекеттік қазынашылық комитеті-бұл аймақтағы және әлемдегі қаржылық басқарудың дамуына белсенді әсер ететін халықаралық кәсіби қоғамдастықтың бөлігі. Ашықтық, цифрландыру және тәжірибемен бөлісуге дайын болу Қазақстанды мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін тамаша алаңға айналдырды.

Болашақта біздің еліміз өз ұстанымын нығайтуды, жаңа халықаралық келісімдер жасасуды және мемлекеттік қаржы саласында жаһандық стандарттарды қалыптастыруға үлес қосуды жалғастырады.

 

Айгерім Садыбек

 

 

 

 

Дата публикации
26 сентября 2025
Дата обновления
30 октября 2025
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
26 августа 2026
Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі Қазынашылықтың рөлі
Әңгімелесу
30 июня 2026
Әңгімелесу (Сагымбаев К.М.) 29.06.2026
Мақалалар
29 мая 2026
Қазақстанның Ұлттық Қоры: еліміздің қаржылық тұрақтылығын ширек ғасыр қамтамасыз етуде

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы