Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.

Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 

Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті Электрондық депозитарий бөлімі

 

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым (бірлік саны)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Электрондық депозитарий бөлімінің басшысы - 1 бірлік

Электрондық депозитарий бөлімі басшысы  лауазымдық нұсқаулығының 3.3 тармағы:

Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар мен мәліметтердің анықтығын растау үшін Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы енгізген орындалған жұмыстар бойынша мәліметтер мен құжаттардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мәліметтер мен құжаттарды растау кезінде шешім қабылдауға

Өнім берушілердің мәліметтерін заңға қайшы растау мүмкіндігі.

Белгілі бір өнім берушілерге артықшылық көрсету.

Өнім берушілердің шынайы емес ақпаратын жасыру мүмкіндігі.

2

Электрондық депозитарий бөлімінің бас маманы – 2 бірлік

Электрондық депозитарий бөлімі

бас мамандары лауазымдық нұсқаулығының 3.1, 3.2  тармақтары:

Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар мен мәліметтердің анықтығын растау үшін Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы енгізген орындалған жұмыстар бойынша мәліметтер мен құжаттардың қарауды жүзеге асыруға;

Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы енгізген орындалған жұмыстар бойынша мәліметтерді түзетуді жүзеге асыруға;

Өнім берушілердің мәліметтерін заңға қайшы растау мүмкіндігі.

Белгілі бір өнім берушілерге артықшылық көрсету.

Өнім берушілердің шынайы емес ақпаратын жасыру мүмкіндігі.

 

Дата публикации
05 июня 2025
Дата обновления
30 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
26 августа 2026
Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі Қазынашылықтың рөлі
Әңгімелесу
30 июня 2026
Әңгімелесу (Сагымбаев К.М.) 29.06.2026
Мақалалар
29 мая 2026
Қазақстанның Ұлттық Қоры: еліміздің қаржылық тұрақтылығын ширек ғасыр қамтамасыз етуде

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы