Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Қаратөбе аудандық қазынашылық басқармасы
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Қаратөбе аудандық қазынашылық басқармасының басшысы |
Республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуін, мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды өткізуін жүзеге асыру. Жергілікті бюджеттерді қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мемлекеттік мекемелерді жеке қаржыландыру жоспарын жүргізу, мемлекеттік мекемелердін шарттарың тіркеу, төлемдері өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Ақпараттың қауіпсіздігін және ақпараттық жүйенің пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Қызанышылық органында қауіпсіздік шараларын қадағалауға бақылауды жүзеге асыру. Бекіткен нысандары бойынша бюджеттің атқарылуы туралы есептерді уақытылы қалыптастырылуына және мұқият салыстырылуына бақылауды жүзеге асыру. |
Уақыт бойынша кезекті сақтамай төлем тапсырыстарды және төлем шоттарды өткізу мүмкіндігі |
|
2 |
Қаратөбе аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары |
Басқарма жұмысын ұйымдастыру және басшылыққа алу: жергілікті бюджет бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарын қалыптастыру және жүргізу, ЖББӘ-нің жергілікті бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарларының атқарылуының ай сайынғы мониторингін жүргізу;бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеудi жүзеге асыру; міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру; жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы күнделікті, ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептілікті қалыптастыру |
Уақыт бойынша кезекті сақтамай төлем тапсырыстарды және төлем шоттарды өткізу мүмкіндігі |
|
3 |
Қаратөбе аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы – бас қазынашысы (3 бірлік) |
Аудандық бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, АМБП жергілікті бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жоспарларының орындалуына ай сайынғы мониторингті қалыптастыру және жүргізу; республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, сондай-ақ Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру мекемелер. Ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, төлемдерді ұлттық валютада жүргізу және бекіту. |
Уақыт бойынша кезекті сақтамай төлем тапсырыстарды және төлем шоттарды өткізу мүмкіндігі |