Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2025 № 745 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына, 114-бабының 4-тармағына және 117-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
|
Министр |
М. Такиев |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдері, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына сәйкес, осы Рәсімдердің 2-тармағының бірінші бөлігінің талаптары арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдеріне және білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджетті атқару рәсімдеріне қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, осы Рәсімдердің 2-тармағының бірінші бөлігінің талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қолданылмайды.
Осы Рәсімдердің 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қазынашылыққа және мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерде белгіленген құжаттарды ұсыну қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылады.
2-тарау. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасау және жүргізу тәртібі
1-параграф. Қаржыландыру жоспарларының түрлері
мемлекеттік мекемелер – мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке жоспар);
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);
мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен – түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.
Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына және (немесе) жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларына және (немесе) іс-шаралар жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен әзірленеді.
Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.
2-параграф. Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі
осы Рәсімдерге 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сай міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылады.
бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі – бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер;
басқа да нормативтік құқықтық актілер;
міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;
өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді.
Экономикалық сыныптама ерекшеліктері тұрғысынан міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау мерзіміне немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуі тиіс.
Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен және (немесе) мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомаларына сәйкес келеді.
Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:
бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыс сомасына;
бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша шығыс сомасына сәйкес келеді.
бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын;
қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынады.
Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарына тұтастай бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Рәсімдерде белгіленген форматта қағаз және электрондық жеткізгіштерде, жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын – тек электрондық жеткізгіштерде ғана ұсынады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының шынайылығын, дұрыс ресімделуін және қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппаратына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Іс жүзіндегі (күтілетін) түсімдердегі кірістердің үлес салмағы мен серпінін есептеген кезде жоспарланбаған (біржолғы) сипаттағы түсімдер алып тасталады.
Болжамдық жылдық сомасын ерекшеліктер бойынша бөлу кезінде салық және Қазахстан Республикасының салық және кеден заңнамаларына сәйкес және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мөлшерлемелері мен мерзімдері ескеріледі.
Бюджеттің атқару жөніндегі уәкілетті орган бұйрықты әзірлеген кезде қажет болған жағдайда, салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдардан ерекшеліктер тұрғысынан кірістер түсімдерінің болжамды сомасы бойынша ұсыныс сұратады.
Салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Рәсімдерге 11, 12, және 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша айлар бөлінісінде Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес қалыптастырылған түсімдер жоспарларының жобаларын ұсынады.
Осы жобалар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы қабылданғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде беріледі.
Кірістер түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеуді, қаржы активтерді сатудан түскен түсімдерді және қарыздарды айлар бойынша бөлуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдерді төлеудің белгіленген мерзімдерін, өткен жылдарға бюджетке түсетін түсімдер серпінін, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік серпінін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныстар пен ұсыныстар деңгейін талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы келісімдер талаптарын негізге ала отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар бойынша жоғары тұрған бюджеттің төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жоспарлардың жобаларын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аталған түсімдердің коды бойынша тұтастай және сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша жасайды.
3-параграф. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаудың және бекітудің тәртібі
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары және ерекшеліктері бойынша жасалатын түсімдердің жиынтық жоспарынан және бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының функционалдық топтары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары осы Рәсімдерге 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Бұл ретте міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес келеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жергілікті бюджет туралы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкім аппараты жергілікті бюджет туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкім аппараты жергілікті бюджет туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалардың жылдық сомасы қабылданған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келуі тиіс, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық сома кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес келуі тиіс;
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиын сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалар сомасына сәйкес келуі тиіс;
3) жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер мен кредиттердің сомасы төмен тұрған бюджеттің түсімдер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сондай көлемде және дәл сол айларда жоғары тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;
4) төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін трансферттер, кредиттерді қайтару сомасы және жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша төмен тұрған бюджет төлеген сыйақы сомасы жоғары тұрған бюджеттің түсімдері бойынша жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сол көлемде және дәл сол айларда төмен тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;
5) төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы.
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделуі тиіс, бұл жыл басынан өсу қорытындысымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың артуына жол бермеуді білдіреді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бір күн мерзімде мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарының түзетілген жобасын ұсынады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жеткіліксіз түзетілген жобасын ұсынбаған не ұсынған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұрады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төлемдер бойынша түзетілген жоспарлы тағайындауларды ұсынғаннан кейін теңгерімдеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде болжамды тапшылықты жабу мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен жоспарланады.
Мемлекеттік қазынашылық қарыздар бойынша түсімдер жоспарының орындалуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жоспарлаған шығыстар сомасының түсімдердің жоспарлы сомасынан қандай кезеңдерде және қандай көлемде асып түсетінін хабарлайды. Өз кезегінде, қарыздар бойынша түсімдер жоспарының орындалуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында тиісті кезеңдерге арналған қарыздар бойынша жоспар сомасын қайта бөледі.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді бөлумен байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін жергілікті атқарушы органға айлар бойынша бөлінген аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.
Мемлекеттік қазынашылықтың немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысы болмаған жағдайда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары тиісті бұйрықпен олардың міндеттерін атқару жүктелген тұлғалармен бекітіледі.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және алушы өңірлер бөлінісінде мемлекеттік қазынашылыққа жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттердің сомаларын ай бойынша бөлуді жеткізеді.
республикалық бюджет бойынша өзiнiң орналасқан орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған осы Рәсімдерге 3 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін;
барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар бойынша, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер бойынша өзiнiң орналасқан орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данадағы тiзiлiммен бiрге осы Рәсімдерге 2 және 5-қосымшаларға сәйкес қағаз және магнит тасығыштарында;
жергiлiктi бюджет бойынша – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда ұсынады;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бойынша – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарына.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы орган аппаратының басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган аппараты басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал олар болмаған жағдайда ‒ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам) болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың міндеттерін атқаратын адамдар бекітеді.
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараты бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні iшiнде міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары жалпы сомасының Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргiзедi және осы Рәсімдерге 15, 17 және 19-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен осы Рәсімдерге 25-қосымшаға сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған осы Рәсімдерге 3 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары беріледі.
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараты түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергiлiктi бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттiк мекемелердiң барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуiн, сондай-ақ олардың мемлекеттік қазынашылық органына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік қазынашылық органы республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне енгiзедi (жүктейді).
Мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараттарымен барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің жиынтық қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарларына, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жиынтық қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерге немесе мемлекеттік органдардың функцияларын берген жағдайда төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша республикалық бюджеттің жиынтық жоспарларына сәйкестігін тексерудi жүргiзедi және Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне енгiзедi (жүктейдi).
Орындауға қабылдаған кезде мемлекеттік қазынашылық органдарының жауапты орындаушылары жергілікті бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы қаулыларына, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) маслихатының шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімдеріне сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қазынашылық органы белгіленген талаптарды орындамаған кезде жеке қаржыландыру жоспарлары "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қабылданбайды, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелер бойынша – осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, себептерін көрсете отырып, түзету үшін қайтарылады.
Жеке қаржыландыру жоспарлары кері қайтарылған сәттен бастап, республикалық бюджет бойынша – республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, жергілікті бюджет бойынша – бюджетті атқарудың жергілікті уәкілетті орган түзетілгендерін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде қызмет көрсетілген жағдайда – электрондық нұсқасын) ұсынады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Рәсімдерге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/ Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары" 3-04-есептерін және осы Рәсімдерге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары" 3-02-есептерін қалыптастырады, мемлекеттік мекемелер осы Рәсімдерге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Міндеттемелер/Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары" 3-04-есептерін қалыптастырады.
29 Мемлекеттік қазынашылық органы бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан алынған кірістер түсімдерінің жиынтық жоспарларын (ерекшеліктер деңгейіне дейін) екі (екі) жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленуін қамтамасыз ету саласында басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның қаперіне жеткізеді.
4-параграф. Қаржыландырудың жеке жоспарына, түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібі
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдер негізінде және салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін кірістер түсімдерінің жоспарларын өзгертуге өтінімдер негізінде мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен қалыптастыратын түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте кіріс түсімдерінің жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдер ағымдағы айдың жиырма бесінші күнінен кейін келесі жұмыс күні беріледі.
Қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекемелерден алынған есептемелер және өзгерістер негіздемесі қоса берілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінімдер (бұдан әрі – мемлекеттік мекеннің өтінімі) негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалыптастыратын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жасалған қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы мың теңгемен, бөлшек қалдығы бар, үтірден кейін бір белгіден аспайтын санмен көрсетіледі. Өтінімдер мен анықтамалар осы Рәсімдерге 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41 және 42-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2025 № 745 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қорғалатын тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ құпия мәліметтер тізбесіне кіретін қорғаныс саласындағы мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу үшін осы Рәсімдерге 35 және 37-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша анықтаманы үш данада қалыптастырады.
Анықтамалардағы өзгерiстер сомасы үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандармен мың теңгемен көрсетiледi.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн өзi орналасқан жерi бойынша мемлекеттік қазынашылық органына тиiстi шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру қажеттiлiгi туралы хатпен өтiнiш жасайды.
Мемлекеттік қазынашылық органы қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жөніндегі рәсiмдер аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қазынашылық органы 4-20 "Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 4-20 нысаны) барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге береді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелер шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертілетін кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеменің өтінімі мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:
ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;
жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестікті сақтауды;
төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;
қабылданған, бірақ ақы төленбеген міндеттемелерді;
инкассолық өкімдердің болуын;
шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарлы соманы қабылданған міндеттемелерді шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалады;
жоспарлы соманы бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiктерi бойынша ұлғайту (азайту) қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегiнде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы азайту (ұлғайту) есебiнен, бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылады;
бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі.
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысы бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының жылдық көлемі шеңберінде үкіметтік сыртқы қарыздар және грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет қаражатын қайта бөлу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің өтініміне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде – тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негіздемесі ағымдағы айдың он күнінен кешіктірілмей тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған анықтамаларды қайтару (қабылдамау) кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ағымдағы айдың жиырмасыншы күнінен кейін қайтарылған (қабылдамаған) кезден бастап бір жұмыс күні ішінде (қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысы жоқ жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар үшін) бір жұмыс күні ішінде бір рет мемлекеттік қазынашылық органының ескертулерін ескере отырып түзетілген анықтамаларды ұсынады.
Осы Рәсімдерде көзделген шарттар сақталмаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің өтінімдерін қайтарады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге үш данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге, екiншiсiн өзiнiң орналасқан жері бойынша мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данадағы тiзiлiммен бiрге жiбередi және үшiншiсiн өзiнде қалдырады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi өзiнiң орналасқан орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Рәсімдерге 36 және 38-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бектілген анықтамалардың электрондық нұсқасын жібереді.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Рәсімдерге 36 және 38-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың электрондық нұсқаларын жібереді, оларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылады.
Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің мемлекеттік қазынашылық органдарына "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша, ал барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге қағаз және электрондық тасығыштарда мынадай тәртiппен бередi:
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама бекітілген күннен бастап ағымдағы ай ішінде ұсынылады;
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалар бір мезгілде барлық мемлекеттік мекемелер бойынша, ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына екі реттен асырмай берiледi.
Мемлекеттік қазынашылық органы қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ өзгерістерді жеке қаржыландыру жоспарларына енгізу туралы анықтамаларды қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жүктегеннен кейін, "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, сондай-ақ тиісті жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына, соңғысының бюджеттік мониторинг жүргізуі үшін қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне аталған анықтамаларды жүктегенін растау туралы хабарлама жіберіледі.
Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезiнде мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкестiгiн, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттен немесе жоғары тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтаманы – бюджеттік бағдарлама әкімшісіне;
2) түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтаманы – бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына орындаусыз қайтарады ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша себебін көрсете отырып қайтарады).
Осы Рәсімдердің 35-тармағының жетінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық акт болмаған кезде мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына сілтеме жасай отырып, себебін көрсете отырып, жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай қайтарады (осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, себебін көрсете отырып, "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қайтарады).
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша түскен осы Рәсімдердің және пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресімделмеген жоспарлардың, анықтамалардың тізілімі мен электрондық үлгілерін мемлекеттік қазынашылық органымен қайтару себептерін көрсете отырып қайтаруға жатады.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған анықтамалар қайтарылған (қабылданбаған) кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қайтарылған (қабылданбаған) кезден бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылық органының ескертулерін ескере отырып түзетілген анықтамаларды ұсынады.
Мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Рәсімдерге және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін тексеруді және жүктеуді бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 19.12.2025 № 795 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы тарауда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қазынашылыққа өтінім ұсынады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2025 № 745 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың оныншы күніне дейін береді;
аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы айдың он бесінші күніне дейін береді;
жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы айдың он бесі күніне дейiнгі мерзімде жоғары тұрған бюджеттен алатын нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердің қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізген жағдайда ағымдағы айдың бесі күніне дейінгі мерзімде ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, тиісті бюджет комиссиясының шешімі бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша немесе атқарушылық құжаттарды орындау үшін қаражат бөлуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі – ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда – ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.
Мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағам айырмасының, баға өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесінен үнемдеу, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, сапарға шығу немесе іс-шараларды өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты іссапарлар кестесінің өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.
Мемлекеттік қазынашылыққа немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы және алдағы азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамайды. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында теріс сальдо болған немесе ағымдағы қолма-қол ақша тапшылығы құрылған жағдайда алдағы айлардың төлемдер бойынша жоспарларын ағымдағы айға және азайтылатын айға қатысты алдындағы айларға көшіруге жол берілмейді.
Бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын азайту бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына азайтылатын соманы ағымдағы немесе келесі айлардан ағымдағы жылдың желтоқсан айына көшіру бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім енгізеді.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге өтiнiмдi қағаз және магнит (электрондық) тасығыштармен бередi.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтініміне орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал ондай болмаған жағдайда – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал олар болмаған кезеңде – тиісті бұйрықтармен олардың міндеттерін атқару жүктелген адамдар қол қояды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөрімен расталады.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға берудің дұрыстығын, дұрыс ресімделуін және уақытылы ұсынылуын және бюджет қаражатын қайта бөлудің негізділігін қамтамасыз етеді.
Анықтаманы қалыптастыру осы Рәсімдердің 36-тармағында көзделген тәртіппен, сондай-ақ мынадай шарттарды ескере отырып жүргізіледі:
осы Рәсімдердің 20-тармағына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігін сақтау;
жиынтық жоспардың "Республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімінде түсімдер мен өтеудің көлемін өзгерту бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өзгерістер бойынша негіздемені және осы Рәсімдердің 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталуын тексереді.
Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетілетін кезең бойынша төлемдер бойынша шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден асып кетуіне әкеп соқтырса, сондай-ақ бұл ретте осы Рәсімдердің 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында айқындалатын басқа да шарттар бұзылса, онда мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қабылдамайды.
Өтінімді қабылдамаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылықтың, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының ескертулерін есепке ала отырып, түзетілген өтінімді ұсынады.
Ағымдағы қаржы жылына түсімдер болжамының жылдық сомаларын өзгерту, бағамдық айырмашылықтың өзгеруіне байланысты үкіметтік борышты өтеу жөніндегі міндеттемелер өзгеру жағдайларын қоспағанда, тек ағымдағы қаржылық жылға бюджетті нақтылау кезінде ғана рұқсат етіледі.
Жоғары тұрған бюджеттің түсімдердің жиынтық жоспарына және төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылардың, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу сомасының жоғары тұрған бюджетке түсетін түсімдер жоспарына өзгерістер енгізуді төмен тұрған бюджеттер кірістерінің жоспарын асыра орындаудың, кредит шарттарының талаптарын өзгерту негізінде және жоғары тұрған бюджет түсімдерінің бірдей ай сайынғы сомасын және төмен тұрған бюджеттердің тиісті шығыстарының сомасын сақтап қалу мақсатында төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінімі бойынша жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2025 № 745 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітілгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде береді.
Төмен тұрған бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерге трансферттердi беруiне, борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы осы Рәсімдердiң 2-тарауында белгiленген тәртiппен және жоғары тұрған бюджеттiң уәкiлеттi органы ұсынған жоғары тұрған бюджет түсiмдерiнiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама негiзiнде төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қалыптастырады.
Бюджет нақтыланған жағдайда мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 28, 40 және 42-қосымшаларына сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және осы Рәсімдерге 43-қосымшасына сәйкес нақтыланған жоспардың осы Рәсімдерге 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім ұсынады.
Қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына осы Рәсімдердің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын ұсынады.
Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратының ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде бекітіледі.
Бекітілген бюджеттің электрондық дерекқорының қайталама көшірмесіне енгізілетін түзетулер нәтижесінде түзетілген бюджет қалыптастырылады.
Нақтыланған бюджет бойынша жиынтық жоспарларды қалыптастыру бюджеттің нақтыланған көрсеткіштері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетулерді қоспағанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтамалар енгізу арқылы түзетілген бюджеттік электрондық дерекқорында жүзеге асырылады.
1) бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, Республикалық бюджет комиссиясында қарастырмай-ақ ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан аспайтын көлемде.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәклетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларының инвестициялық жобалары тізбесімен ұсыныстарын 10 жұмыс күні ішінде қарайды және ұсынылып отырған өзгерістер осы Рәсімдерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген тәртіпте республикалық бюджетке түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын дайындайды.
Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде мемлекеттік қазынашылық осы Рәсімдердің 4-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртіппен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
2) бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан он пайызына дейінгі көлемде.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын он жұмыс күні ішінде қарайды және ұсынылатын өзгерістер осы Рәсімдерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулының жобасын дайындайды.
Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын белгіленген тәртіпте әзірлейді.
Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде мемлекеттік қазынашылық осы Рәсімдердің 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртіппен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген түпкілікті нәтижені сақтай отырып, бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгертпей:
тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның бюджеттік бағдарламасы немесе ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында дербес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз қаражатты қайта бөледі.
Мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Рәсімдердің 61-тармағында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Рәсімдердің 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртiппен түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу кезінде төмен тұрған бюджетті, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түзету осы Рәсімдердің 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 және 64-тармақтарымен белгіленген тәртіппен кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мәслихатта бюджетті нақтыламастан жүзеге асырылады.
Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2025 № 745 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасы дайындалады.
Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Рәсімдердің 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртіппен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, бюджеттік даму бағдарламалары бойынша іске асырылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын инвестициялық жобалар бөлінісінде қабылданған, бірақ ақысы төленбеген міндеттемелер сомасы; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған, пайдалынылмаған қаражат туралы ақпарат;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) пайдаланылмаған қаражаты туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi қаулысының жобасында нысаналы даму трансферттері инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарламаның (кіші бағдарламаның) шеңберiнде жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз тиісті бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен үнемдеу сомасын жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім бойынша жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын және бір облыс шеңберінде жергілікті инвестициялық жобалар арасына ауыстыруды жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдар қаулыларының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру осы Рәсімдердің 315-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеу сомасын, қаражатты бюджеттік даму кіші бағдарламасын іске асыруда көзделмеген жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға және бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын қымбаттатумен байланысты шығыстарға қайта бөлуді қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен, бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен, тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, бір бюджеттік бағдарлама ішінде бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөледі.
Қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, мемлекеттік мекемелер қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде қайта бөледі.
Ұсынылған өзгерістер осы Рәсімдерде белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, республикалық бюджет бағдарламасының әкімшісі белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында қаражатты қайта бөледі.
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарын және нысаналы даму трансфеттерінің жергілікті инвестициялық жобалардың тізілімін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын он жұмыс күн ішінде қарайды және берілген өзгерістер осы Рәсімдердің талаптарына сәйкес келген жағдайда жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіпте тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша қаражатты нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу бойынша оң шешім болған жағдайда, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтап қалу шартымен қайта бөледі.
Жоба бойынша жоспарлы соманы азайтуға мынадай:
1) мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындылары бойынша үнемдеу болса;
2) жұмыстарды жүргізу кестесінен қалуға әкеліп соққан міндеттемелерді қабылдамау немесе уақтылы қабылдамау (көрсетілетін қызметтерді берушінің шарт жасамауы немесе уақтылы жасамауы);
3) көрсетілетін қызметтерді берушіні жауапқа тарта отырып, белгілі бір уақыт ішінде (бір айдан астам) қызмет көрсетуді берушінің шарттық міндеттемелерді орындамау жағдайлары болғанда жол беріледі.
Жоба бойынша жоспарлы соманы ұлғайтуға көрсетілетін қызметтерді берушіде қосымша міндеттемелерді қабылдау туралы кепілхат болған жағдайда рұқсат беріледі.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныстарды жергілікті инвестициялық жобалар бойынша нысаналы даму трансферттері бойынша ұсыныстарын тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын он жұмыс күн ішінде қарайды және берілген өзгертулер осы Рәсімдердің талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне түзету енгізу туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен сәйкес жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Нысаналы даму трансферттерi бойынша сомаларды ауыстыру осы Рәсімдердің 314-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
дербес, тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның бюджеттік бағдарламасы немесе ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында;
тиісті бюджет комиссияның қарауынсыз қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында;
бюджеттік комиссияның қарауынсыз, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаны дамытудың бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;
бюджеттік комиссияның қарауынсыз, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік даму кіші бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, өз бастамашылығымен бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізген кезде, тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына хабарлама ретінде үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттiк органдарды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, олардың функцияларын өзгертуге байланысты бекiтiлген (нақтыланған) бюджет көрсеткiштерiн түзету жөнiндегi қаулылардың жобаларын әзiрлейдi және оны тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім ұсынады.
Мемлекеттік қазынашылық органдары, олар бойынша жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы жұмсалымдар мен кассалық шығыстарды көшіру аяқталғанша қайта ұйымдастырылатын (таратылатын) мемлекеттік мекемелердің шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Рәсімдердің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен жоспарлы тағайындауларға көшіру бөлігінде берілетін, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген аталған бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде көшіру бөлігінде өзгерістер енгізеді.
Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды көшіруді мемлекеттік қазынашылықтың, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның хатының негізінде мемлекеттік қазынашылық органдары мынадай жағдайларда:
1) құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының функциялары мен лимиттері өзгерген;
2) республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерді нақтылау;
3) Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізген;
4) мемлекеттік қазынашылық органда мемлекеттік мекеменің қызмет көрсетілу орны өзгерген;
5) шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымына шығыстардың түрлерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енген;
6) ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті орталықтандыру/орталықсыздандыру туралы шешім қабылдағанда;
7) секвестрде жүзеге асырады.
Тапсырыстың (хабарламалардың) жабылуы (жойылуы) тиісті нормативтік құқықтық актіні, сондай-ақ соманы және шартты қайта тіркеу туралы хабарламаның қалдық сомасын көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің хатының негізінде жасалады. Бұрын қабылдаған міндеттемелерді қайта тіркеу осы Рәсімдердің 6-тарауының 1, 2, 3, 4, 5 және 6-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған деңгейінен төмен тұрған деңгейіне беру кезінде нысаналы трансферттер бойынша жоспарлық тағайындаулардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомаларын көшіру жүзеге асырылады.
3-тарау. Бюджеттің атқарылуы
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, уәкілетті органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық қолдау операторлары, дербес білім беру ұйымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекет кепілдік берген қарыз тартқан қарыз алушылар, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлер, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторы түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.
4-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қазынашылықта шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі
1-параграф. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары
2-параграф. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік қазынашылық органына мемлекеттік мекеменің коды ашылғаннан кейін ұсынылатын осы Рәсімдердің 109-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Рәсімдердің 4-тарауының 5-параграфында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Рәсімдерге 44-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім жібереді.
Мемлекеттік қазынашылық органы осы Рәсімдерге 44-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қазынашылыққа осы Рәсімдерге 44-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмесе не болмаған немесе мәліметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайда, сондай-ақ бірінші және екінші бөліктерде қарастырылған құжаттарды қоса берусіз өтінім орындаусыз қайтарылады.
Мемлекеттік қазынашылық органы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру туралы мемлекеттік қазынашылықтан хат алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды.
3-параграф. Мемлекеттік қазынашылықтың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттар ашуы
Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелік етуінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты);
2) филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – қайырымдылық көмек қолма-қол ақшасын бақылау шоты);
3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты);
4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты);
5) шетел валютасындағы шоттар;
7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылған шот;
10) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін бағалы қағаздар шығару не қарыз алу жолымен тартылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызының қолма-қол ақшасын бақылау шоты (ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының қолма-қол ақшасын бақылау шоты);
11) бағалы қағаздар шығару не қарыз алу жолымен тартылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шетел валютасындағы сыртқы қарыз шотына шот (ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарыз шотына шот).
Ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтінім береді.
Ақылы қызметтер қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашуға арналған өтінім мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаларының түсімдері мен шығыстарының жоспары негізінде жасалады.
қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын;
ашу талап етілетін қолма-қол ақшаны бақылау шотының атауын;
мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрін;
мемлекеттік мекеменің орналасқан жерінің кодын;
баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге де қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы мен күнін (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары үшін – Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы шарттың нөмірі мен күнін) қамтуы тиіс.
Ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының қолма-қол ақшасын бақылау шоты үшін:
қарыз алған кезде – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан ұлттық валютадағы қарыз шартының нөмірі (бар болса) және күні, сондай-ақ қарыз шартын тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні;
бағалы қағаздарды шығару кезінде – "Астана" Халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды шығару проспектісінің нөмірі (бар болса) және күні, бағалы қағаздарды шығару шарттары (шығарылым бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздардың жекелеген шығарылымдары үшін) немесе оларды алмастыратын өзге де құжаттар, сондай-ақ осы шығарылымға халықаралық сәйкестендіру нөмірін беруді куәландыратын құжат (ISIN).
Өтінім белгіленген нысанға сәйкес болмаған не мыналар:
1) ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотының түрі;
2) мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
3) бюджет түрі;
4) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу үшін негіз болмаған немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім мемлекеттік мекемеге орындаусыз қайтарылады.
Қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылғаны туралы хабарламада мыналар:
мемлекеттік мекеменің атауы және коды;
қолма-қол ақшаны бақылау шотының атауы және нөмірі көрсетіледі.
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша: мемлекеттік қазынашылық органын ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашуға өтінімдер түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – мемлекеттік қазынашылық органынан қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей – қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шоттарын ашуды жүзеге асырады.
Сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшаны бақылау шоты қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне, "Астана" орталығы Халықаралық қаржы орталығының акттеріне сәйкес бағалы қағаздар шығару проспектісіне немесе оны алмастыратын өзге де құжатқа сәйкес эмитенттің міндеттемелерін орындау мерзіміне ашылады.
Мемлекеттік мекеменің өтінімі мынаны қамтуы тиiс:
шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
орналасқан жерінің коды;
шоттың атауы;
валюта түрi (Ұлттық Банк олар бойынша айырбастау және қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын валюталар түрлерінің тізбесіне сәйкес);
қаржыландыру көзі (республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты, бірлесіп қаржыландыру қаражаты немесе қаржыландырудың өзге көзі);
шығыстар бағыттарының мақсаты;
шот ашу үшін негіздеме.
1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;
3) мемлекеттік мекеменің халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген ережесі немесе жарғысы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;
5) мемлекеттік мекемелерде шетел валютасында міндеттемелер туындаған соттардың шешімдері негіз болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазынашылыққа сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты ашуға арналған өтінім беруіне шарттарында осындай шот ашу көзделген Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы шарт негіз болып табылады.
Ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшаны бақылау шотына шот ашуға арналған өтінімді мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қазынашылыққа ұсынуы үшін:
қарыз алған кезде – шарттарында осындай шот ашу көзделген қарыз шарты, сондай-ақ осындай қарыз шартын тіркеу туралы куәлік;
бағалы қағаздарды шығару кезінде – шығару проспектісі, бағалы қағаздарды шығару шарттары (шығарылым бағдарламасы шеңберінде бағалы қағаздардың жекелеген шығарылымдары үшін) немесе шарттарында осындай шот ашу көзделген "Астана" Халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес оларды алмастыратын өзге де құжаттар, сондай-ақ осы шығарылымға халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN) беруді куәландыратын құжат негіз болып табылады.
Мемлекеттік мекеме шетел валютасында шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшаны бақылау шотына шотты ашуға өтінімді ұсынудың негізділігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 101-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 19.12.2025 № 795 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шоттың ашылғаны туралы хабарламада:
шотты ашуға арналған өтінімнің нөмірі мен күніне сілтеме;
мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
шоттың атауы мен нөмірі, валюты түрі;
мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;
шығыстар бағыттарының мақсаты;
шотың қолданыс мерзімі көрсетіледі.
Шетел валютасындағы шот ағымдағы қаржы жылының соңына дейін ашылады және қолданылады. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшасын бақылау шотына шот қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне немесе "Астана" Халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес бағалы қағаздар шығару проспектісіне немесе оны алмастыратын өзге құжатқа сәйкес эмитенттің міндеттемелері толық орындалғанға дейін ашылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған шетел валютасын есепке жатқызуға арналған шетел валютасындағы шот осы Рәсімдердің 4-тарауының 8-параграфында көзделген жағдайларда ашылады және шот жабылғанға дейін қолданылады.
Мемлекеттік мекеменің атауы өзгергеннен кейін бұрын берілген қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, ақылы қызметтердің, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызын қайта айырбастау қолма-қол ақшасын бақылау шоты, шетел валютасындағы шот, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшасын бақылау шотына шоты өзгеріссіз қалдырылады.
Шетел валютасында ашылған шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшаны бақылау шотына шотты ашуға өтінімді ұсынудың негізділігін қамтамасыз етеді,сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды тіркеу осы Рәсімдерге 50-қосымшаға сәйкес 8-08 "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" нысаны бойынша мемлекеттік қазынашылық органының есебінде көрсетіледі.
4-параграф. "Құпия"
5-параграф. Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар
Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері мемлекеттік қазынашылық органдарына екі данада ұсынылады. Бір данасы мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағында сақталады, екіншісі мемлекеттік қазынашылық органы қолжетімділігі шектеулі қағаз жеткізгіштегі азаматтық-құқықтық мәмілелері бар мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарындағы қолдардың және мөр бедерінің дұрыстығын тексеру кезінде пайдаланылады.
Қойылатын қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен (мемлекеттік мекеме үшін – Елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бірінші басшымен куәландырылады.
Ескерту. 109-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2025 № 745 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қазынашылық органы ұсынылған құжаттардың толықтығы мен осы параграфта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін құжаттама туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерілген құжаттарды тігеді және құжаттамада сақтайды
6-параграф. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың шоттарына ашылатын шоттарды жүргізу
Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП "Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар" шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.
Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарында, ақшаны уақытша орналастыруда, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастауда, мемлекет кепілдік берген қарыздардың ұлттық және шетел валютасындағы шоттарында, ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында, қаржылық қолдау операторларының шоттарында, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы шоттарда пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі..
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған шетел валютасын есепке жатқызуға арналған шетел валютасындағы шоттарда, мемлекет кепілдік берген қарыздардың шетел валютасындағы шоттарында, шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарында, сондай-ақ бағдарламалық сыртқы қарыздардың қаражатын есепке жатқызуға арналған шоттарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына да жол беріледі.
Есепті кезеңнің соңында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қалған бюджеттен алынған қаражаттың пайдаланылмаған қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаты болып табылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат тиісті бюджеттің кірісіне аударуға жатады.
осы Рәсімдерге 52-қосымшаға сәйкес электрондық жеткізгіште 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының жағдайы туралы есеп";
осы Рәсімдерге 53-қосымшаға сәйкес электрондық жеткізгіште 5-52 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп";
осы Рәсімдерге 54-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште 5-20 "Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме" (бұдан әрі – 5-20-нысан) және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға берiледi.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық қолдау операторлары, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
мемлекеттік мекемелерге:
1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:
5-20-нысаны;
осы Рәсімдерге 55-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарындағы қалдықтар туралы есеп 5-33-нысаны бойынша;
осы Рәсімдерге 56-қосымшаға сәйкес шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді 8-17-нысаны бойынша;
2) ай сайын:
осы Рәсімдерге 57-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарындағы қалдығы 5-30-нысаны бойынша;
осы Рәсімдерге 58-қосымшаға сәйкес шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп 8-07-нысаны бойынша;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3 күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Рәсімдерге 59-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызы, мемлекеттік емес қарыздар және ұлттық валютада қызмет көрсету,
ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарындағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есепті 5-34А-нысаны бойынша беріледі;
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық қолдау операторларына, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай 5-20-нысаны берiледi.
Қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекеме мен мемлекеттік қазынашылық органының арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшiн тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күнi iшiнде екі данада 4-20 нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмделедi, мемлекеттік қазынашылық органының басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.
Мемлекеттiк мекемелер есептердi алғаннан кейiнгi екі жұмыс күнi iшiнде есептердiң деректерін өзiнiң бухгалтерлiк есебінің деректерiмен салыстырады.
Мемлекеттiк мекеме деректерiнiң 4-20 нысаны есебiнiң деректерiмен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебiн анықтау үшiн мемлекеттік қазынашылық органына жазбаша өтiнiм жасайды.
Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi не мемлекеттiк мекеменiң басшысы уәкiлеттiк берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады. Есептiң бiр данасы мемлекеттік қазынашылық органына қайтарылады.
Мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттік мекеменің жазбаша өтініші бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асыру үшін 4-20 нысанды есебін қалыптастырады, оған қол қояды және береді, ал бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үшін 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы жағдайы туралы есеп" нысанды есебін қалыптастырады, оған қол қояды және береді.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша айналымдарын және қалдықтарын ай сайын салыстырып тексеруді жүзеге асыру үшін ай аяқталғаннан кейін 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы жағдайы туралы есеп" нысаны бойынша есепті дербес қалыптастырады. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы жағдайы туралы есеп" нысаны бойынша тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша айналымдарды және қалдықтарды салыстырып тексеріп, алшақтықтар болмаған кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысына және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты орындаушысына қол қойдырады, елтаңбалық мөрдің бедерімен растайды.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган деректерінің 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы жағдайы туралы есеп" нысанды есеп деректерімен алшақтықтар болған кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган алшақтық себептерін анықтау және жою үшін мемлекеттік қазынашылық органына жазбаша өтініш білдіреді.
Алшақтықтар болмаған жағдайда есептіліктер мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерінің немесе мемлекеттік мекеме басшысымен уәкілдендірілген (олар болмаған жағдайда) өкілдермен қол қойылады, және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерінің үлгілерімен расталады.
4-20 нысаны мен мемлекеттік мекеме есебінде алшақтықтар болған жағдайда, алшақтықтардың туындау себебін анықтау және жою туралы хатпен мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына жүгінеді.
7-параграф. "Құпия"
8-параграф. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттарды жабу
Мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының қолданылуы қажеттігі туралы хатты хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда осы қолма-қол ақшаны бақылау шоттары жабылмайды.
Мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жабылу жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын мемлекеттік қазынашылық органының кейіннен мемлекеттік қазынашылық органының мемлекеттік мекемені, квазимемлекеттік сектор субъектісін, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерді жабуы туралы хабардар ете отырып, мемлекеттік қазынашылық органының хаты негізінде мемлекеттік қазынашылық дербес түрде жабады.
1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық актінің күші жойылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен шотты ашу үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
4) тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шотына мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;
5) ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттары, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;
6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаның бақылау шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызының қолма-қол ақшасын бақылау шотына шот;
7) "Астана" Халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес бағалы қағаздар шығару проспектісіне немесе оны алмастыратын өзге де құжатқа сәйкес эмитенттің міндеттемелерін орындау күні басталған кезде жүзеге асырылады.
Жабылатын қолма-қол ақшасын бақылау шоттарында және/немесе шоттарда қалдық болған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған мемлекеттік мекемелерге берілетін кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім (квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарының қолданысын тоқтатуға және шоттарын жабуға өтінім) қайтаруға жатады.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi болып табылған мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалы мөрді жою себебі бойынша кодты жабуға өтінім беру мүмкіндігі болмаған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдар болмаған жағдайда өтінімді құқық мирасқоры, ал ол таратылған жағдайда – тарату комиссиясы ұсынады.
Мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттік қазынашылыққа мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Рәсімдерге 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Мемлекеттік қазынашылық органы тиісті ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы мемлекеттік қазынашылыққа осы Рәсімдерге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат жібереді.
Мемлекеттік мекемелердің шоттарын және қолма-қол ақшаны бақылау шоттары жапқаннан кейін мемлекеттік қазынашылық "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттардың жабылуы туралы хабарламаны электрондық таратуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалы мөрді жою және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдар болмауы себебі бойынша осы Рәсімдерге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінімді құқық мирасқоры, ол таратылған жағдайда – бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi, ал бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi таратылған жағдайда – тарату комиссиясы ұсынады.
Мемлекеттік қазынашылық органдары квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының кодтарының және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының қолданылуын тоқтатуға және жабуға осы Рәсімдерге 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді мемлекеттік қазынашылыққа жібереді.
Мемлекеттік қазынашылық квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының кодын және және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын жапқаннан кейін, мемлекеттік қазынашылық органы жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне, қаржылық қолдау операторына, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторға, дербес білім беру ұйымына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға қайтарады.
1) ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудына түскен ақшаға иелік ету құқығы берілсе);
тиісті бюджеттің кірісіне мынадай жағдайларда:
құқықтық мирасқор болмағанда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берілмеген құқықтық мирасқор анықталғанда;
құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) коды болмағанда;
2) қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе екінші деңгейдегі банктегі шотына;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда салымшыға;
құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиісті бюджеттің кірісіне;
3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
салымшыға;
құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеумен;
құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы шотына;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
квазимемлекеттік сектор субъектісі құрылтайшысының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
белгіленген тәртіпте инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастырып отырған квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыру құқығы берілсе);
6) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
республикалық бюджеттің кірісіне – шетел валютасының ең аз ақша бірлігін сатып алу және сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына қалдықты қалпына келтіру үшін ақша жетпеген жағдайда;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
7) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:
қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына берілген шотта:
шетел валютасындағы ақша қалдығын қарыздың валютасына қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып;
9) ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
қарыз шартының талаптарына сәйкес қарыз берушіге, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес бағалы қағаздар шығару проспектісінің немесе оны алмастыратын өзге құжаттың талаптарына сәйкес орналастыру жөніндегі агентке;
құқықтық мирасқор ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
жергілікті бюджет кірісіне;
10) Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
республикалық бюджеттің кірісіне;
11) тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына
тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органы құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
12) ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шетел валютасындағы ақша қалдығын қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарыздың қолма-қол ақшаны бақылау шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып;
13) мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында құқықтық мирасқордың мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына (егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруға құқық берілген жағдайда);
14) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
15) қаржылық қолдау операторының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қаржылық қолдау операторының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
қаржылық қолдау операторының құрылтайшысының шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
16) мемлекеттік емес қарыздардың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шартының талаптарына сәйкес қарыз берушіге;
құқықтық мирасқордың мемлекеттік емес қарыздарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
17) ұлттық валютадағы қызмет көрсету шотында:
мемлекет кепілдік берген ұлттық валютадағы қарыз шотына;
құқықтық мирасқордың ұлттық валютасындағы қызмет көрсету шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
18) мемлекет кепілдік берген шетел валютасындағы қарыз шотында:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шартының талаптарына сәйкес қарыз берушіге;
құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шотына;
19) шетел валютасындағы қызмет көрсету шотында:
мемлекет кепілдік берген шетел валютасындағы қарыз шотына;
құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы қызмет көрсету шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
20) дербес білім беру ұйымының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
21) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шотты/төлем тапсырмасын ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде электрондық бейнені қалыптастырады) немесе шетел валютасын қайта айырбастауға өтінімді ұсынады.
Құқықтық мирасқордың қолдаухатында қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелері болуға тиіс: мемлекеттік мекеменің немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, коды, қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы аударуға жататын қолма-қол ақшаны бақылау шотында және аударуға қажетті барлық деректемелер қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік қазынашылық органы өтінішхатты алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Рәсімдердің 129-тармағында көзделген шығыстардың бағыттары бойынша қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор таратылған және мөрдің жойылуы және таратылатын қаржы құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдардың болмауы себебінен өтінішхат беру мүмкіндігі болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өтінішхатын тарату комиссиясы ұсынады.
9-параграф. "Құпия"
10-параграф. Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу және жабу
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шартта айтылған немесе екінші деңгейдегі банктегі байланысты гранттар бойынша, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын шетел валютасында ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
2) ұлттық (шетел) валютасында төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың шотына шот;
3) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу есебіне қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке жатқызу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет ақшасын есептеу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін екінші деңгейдегі банктегі валюталардың түрлері бойынша заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органының сыртқы саяси қызметін немесе қаржылық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға ашылатын шетел валютасындағы шот;
5) банктің чектері бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып қолма-қол ақша алу үшін екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шот;
6) Бірыңғай қазынашылық шоттың уақытша бос бюджет ақшасын есептеу үшін екінші деңгейдегі банктегі және Ұлттық пошта операторындағы ағымдағы шот;
7) республикалық бюджетке кіріс алу мақсатында пайыздарды есептей отырып, бірыңғай қазынашылық шоттың уақытша бос бюджет ақшасын белгілі бір мерзімге орналастыру үшін екінші деңгейдегі банктегі және Ұлттық почта операторындағы депозиттік шот.
Мемлекеттік мекемелердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде үшінші тұлғалардың атына шоттар ашуына жол берілмейді.
Іссапар шығыстарына арналған шотты ашуға рұқсат осы Рәсімдердің 146-тармағында көзделген жағдайларда оны кері қайтарып алғанға дейін беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты қарыз туралы немесе байланысты грант туралы шарттың талаптарымен айқындалған шетел валютасында беріледі.
Сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган екінші деңгейдегі банкте ашылған, іссапар шығыстарына арналған шоттан қаражатты пайдаланудың негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қазынашылықтың рұқсатын қайтарып алу осы Рәсімдерге 133-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Шоттарды жабу Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және мемлекеттік мекеме арасындағы банктік шот шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
1) кері қайтару үшін себептерін көрсете отырып, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты, іссапар шығыстарына арналған шотты ашуға берілген рұқсатты кері қайтару туралы жазбаша жүгінген;
2) төлемдерді жүзеге асыру тәртібі бұзылған;
3) есеп айырысу кезінде корпоративтік төлем карточкаларын пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына өзгерістер енгізілген;
4) ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында корпоративтік төлем карточкаларын пайдалану рұқсат етілетін шығыстардың экономикалық сыныптамаларының ерекшеліктері болмаған;
5) ағымдағы шоттарды ашуға арналған рұқсатта көзделмеген мақсаттарға ағымдағы шотқа есептелген ақшаны пайдалану фактісі анықталған жағдайларда жүргізіледі.