«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

 кейбiр мәселелерi туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдары осы қаулыға қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
  2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережесінде:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«1) Министрліктің  Мемлекеттік қазына комитеті;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қазына органдарында шоттары болады.»;

Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазына комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             Ә. Смайылов

Қаулы жобасы
Дата публикации
19 мая 2023