Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Бурабай аудандық қазынашылық басқармасы
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым (бірлік саны) |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басшы |
Басқарманы басқарады, жалпы басқаруды жүзеге асырады Ұйымдастыру, жоспарлау, есеп беру, бизнес-процестердің орындалуын бақылау (жоспарлар/ММ анықтамаларын жүргізу; азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу; төлем шоттарын/КСС төлем тапсырмаларын жүргізу).
|
- Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану немесе оларды асыра пайдалану қаупі; - Материалдық қажеттіліктерді немесе басқа да жеке мүдделерді қанағаттандырумен байланысты жеке мәселелерді шешуде өз қызметтік өкілеттіктерін пайдалану, сонымен қатар туыстардың мүдделерінде; - Материалдық ресурстарды жеке мақсаттарда пайдалану; - Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану немесе оларды асыра пайдалану қаупі: - Қаржылық құжаттарды орындауды жасанды түрде кідірту; - Қажет етілмеген қосымша құжаттарды талап ету; - Түскен құжаттарды орындаудан заңсыз бас тарту; - Бюджет заңнамасының нормаларын бұза отырып немесе тиісті түрде ресімделмеген қаржылық құжаттарды қабылдау және орындау; |
|
2 |
Басшының орынбасары |
Басшының болмаған жағдайларда басқарманы басқарады, жалпы басқаруды жүзеге асырады. |
Басшының болмаған жағдайларда ұйымдастыру және басқару шешімдерін қабылдау: - Материалдық қажеттіліктерді немесе басқа да жеке мүдделерді қанағаттандырумен байланысты жеке мәселелерді шешуде өз қызметтік өкілеттіктерін пайдалану, сонымен қатар туыстардың мүдделерінде; - Мүдделер қақтығысы; - Материалдық ресурстарды жеке мақсаттарда пайдалану; |
|
3 |
Бас маман-бас қазынашысы – 6 бірлік |
Бизнес-процестерді жүзеге асыру (жоспарлар/ММ анықтамаларын жүргізу; азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу; төлем шоттарын/КСС төлем тапсырмаларын жүргізу) |
Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану немесе оларды асыра пайдалану қаупі: - Қаржылық құжаттарды орындауды жасанды түрде кідірту; - Қажет етілмеген қосымша құжаттарды талап ету; - Түскен құжаттарды орындаудан заңсыз бас тарту; - Бюджет заңнамасының нормаларын бұза отырып немесе тиісті түрде ресімделмеген қаржылық құжаттарды қабылдау және орындау; - Қызметтік нұсқауларды орындау процесінде дискредиттеуші факторлардың туындауы; - Басшылықтың ұйымдастыру- шылық-басқарушылық шешімдеріне әсер ететін ақпаратты дайындау кезінде ақпаратты жасыру немесе бұрмалау мүмкіндігі. |