
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика мамандығы бойынша және «Көкше» академиясының заңтану мамандығы бойынша түлегі.
Еңбек жолын Алматы қаласының «Стройбизнесинжинириг» ЖШС-ның үйлестірушісі болып бастады. 2009 жыл мен 2010 жыл аралығында Үшарал қаласы, Алакөл аудандық әкім аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы жұмыстарын атқарды. 2010-2013 жылдар аралығында Алматы облысы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасы- мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маман-бас салық инспекторы қызметінде қызмет атқарған, 2013-2014 жылдары аралығында Астана қаласы бойынша салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы-оңалту және банкроттық басқармасының бас маманы қызметіне кірісті. 2016-2017 жылы Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы-мәжбүрлеп өндіру бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Содан кейін 2017-2019 жылдарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі-заң қызметі департаментінің нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптау басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті- Ірі Салық төлеушілер департаменті Резидент еместерге салық салу басқармасы басшысының орынбасары ретінде қызмет атқарды.
2020-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшы орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды.