Меню

Страницы

Статья

ИМАНҒАЛИҰЛЫ НӘСІПҚАЛИ

1949 жылы 29 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында дүниеге келген.

1956 жылы Казталовка ауданындағы Қараоба сегізжылдық мектебінің бірінші класына барып, 1966 жылы Қошанкөл ауылындағы «Қазақстан» орта мектебінің оныншы класын бітірген.

1966-1969 жылдары Орал ауылшаруашылық техникумының зоотехникалық бөлімінде оқыған.

Алғашқы еңбек жолын 1969 жылы Қараоба совхозының №2 бөлімшесінде ветсанитар болып бастаған. 1971-1978 жылдары «Қараоба» совхозының бөлімше зоотехнигі, 1978-1984 жылдары бөлімше меңгерушісі, 1984-1986 жылдары бас зоотехник, 1986-1993 жылдары Казталовка аудандық агроөнеркәсіптік кешені бірлестігінде бас зоотехник, төрағаның бірінші орынбасары, XXIV партия съезі атындағы совхоз директоры, аудандық агроөнеркәсіп кешені бірлестігінің төрағасы, 1993 жылы Казталов ауданы әкімінің орынбасары, 1994-2002 жылдары Казталов ауданының әкімі, 2002-2006 жылдары Жәнібек ауданының әкімі, 2006-2009 жылдары облыстық тарифтер басқармасының бастығы, Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған, кейіннен «Орал су арнасы» мекемесінің бастығы болды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Казталов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №24-8 шешімімен «Ауданның Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Дата публикации
10 мая 2023
Дата обновления
10 мая 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 октября 2023
МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ МЫҚТЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНАН БАСТАЛАДЫ
10 мая 2023
ИСҚАЛИЕВ МЕҢДЕШ ДОСМҰХАНҰЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы