Меню

Страницы

Статья

ЕДЕКЕШОВ ҒИЛЫМ ШӘРІПҰЛЫ

        1951 жылы 1 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Ұялы ауылдық советінде дүниеге келген. 1968 жылы Фурманов орта мектебін бітірген. Білімі жоғары, 1974 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, 1991 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын тәмәмдаған, мамандығы – география-биология пәндерінің мұғалімі, агроном.

        1968-1969 жылдары Фурманов аудандық байланыс бөлімінің радиомонтері, 1974-1977 жылдары «Красный партизан» орта мектебінің оқытушысы, Фурманов аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1977-1979 жылдары «Талдықұдық» орта мектебінің директоры, 1979-1981 жылдары «Қараөзен» орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1981-1982 жылдары Қазақстан Компартиясы Фурманов аудандық комитетінің нұсқаушысы, 1982-1985 жылдары Фурманов аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1985-1991 жылдары «Сарықұдық» мамандандырылған мал бордақылау бірлестігі партия комитетінің секретары, 1991-1997 жылдары Фурманов аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, 1997-2006 жылдары Казталов аудандық білім бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, маманы, 2006-2008 жылдары К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, 2008-2012 жылдары Жалпақтал ауылдық округінің әкімі, 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Жалпақтал филиалының директоры қызметін атқарған. Қазіргі таңда қоғамдық негіздегі медиатор қызметін өткеруде.

         2014 жылы зейнеткерлікке шыққан, Жалпақтал ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы.

         «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Батыс Қазақстан облысы әкімінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасарының, Казталов ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен және басқа да мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

Казталов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы №24-2 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
12 апреля 2023
Дата обновления
12 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
11 октября 2023
МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ МЫҚТЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНАН БАСТАЛАДЫ
10 мая 2023
БАТЫРОВ МАҚСОТ ҚАЖЫҒАЛИҰЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы