ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНАН

17 наурыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Самат Хасанов, қоғамдық кеңес мүшелері және күн тәртібіндегі мәселелерге жауапты бөлім басшылары қатысты.

Кеңесте Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-2 «2025-2027 жвлдарға арналған аудандық бюджетіне» және Казталов аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова баяндама жасады.

Сонымен қатар Казталов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі №55 «Казталов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев хабарлама оқыды.

Жиында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ауыз су мәселесін шешу жолдары туралы қойылған сұрақтарға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов жауап берді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралып, ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, тиісті қарар қабылданды.

 

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ
Дата публикации
17 марта 2025