2025 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту туралы

2025 жылға арналған құқықтық

мониторинг жүргізу кестесін

бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 471 бұйрығына сәйкес,

  1. 2025 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Мониторинг жүргізу барысында құқықтық мониторингке жататын нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдеріне жүйелік негізінде талдау жүргізілсін.
  3. Құқықтық мониторингті жүргізу аудандық мәслихат аппаратының бас маманы С.Байдуллинге жүктелсін.

 

 

Мәслихат төрағасы                                  С.Мулдашев

 

 

Аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы      15 қаңтардағы №3а     өкіміне қосымша

 

Құқықтық мониторинг жүргізу Қағидаларына 1-қосымша Нысан

 

Казталов аудандық мәслихат аппаратының

2025 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі

 

р/с №

Заңнама саласының (кіші саласының) атауы

Заңнама саласы (кіші саласы) қамтитын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Мемлекеттік органның жауапты құрылымдық бөлімшесі

Құқықтық мониторинг жүргізу мерзімі (тоқсан сайын)

1

 

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 149 және Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 50-2 «Бостандық ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешімі.

Мәслихат аппараты

қаңтар

2

 

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 158 және Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 51-2 «Казталов және Жалпақтал ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешімі.

Мәслихат аппараты

ақпан

3

 

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 52-2 шешімі. «Казталов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

наурыз

4

 

Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 56-4 «Казталов ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

сәуір

5

 

Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №9-7 «Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

мамыр

6

 

Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы №17-4 «Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

маусым

7

 

Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы №17-6 «Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

шілде

8

 

Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 тамыздағы №20-6 ««Казталов аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

тамыз

9

 

Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 тамыздағы №20-7 «Казталов ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

қыркүйек

10

 

Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы №24-1 «Казталов ауданында 2025 жылға бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

қазан

11

 

Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-3 «Казталов ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

қараша

12

 

Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-5 «Казталов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімі.

Мәслихат аппараты

желтоқсан

 

2025 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту туралы
Дата публикации
17 января 2025