Казталов аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
Казталов ауылы № 8 23 қазан 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті
9 сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезекті 9 сессиясы 2023 жылдың 2 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында сағат 10:00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылсын:
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі.
- Казталов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 12 наурыздағы №21-1 «Казталов ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 28 сәуірдегі №17-19 «Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы №21-1 «Казталов ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 мамырдағы № 5-4 «Казталов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна
мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Басқа да мәселелер.