
1927 жылы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген. 1946 жылы Жымпиты ауылындағы орта мектепті бітірген, 1950 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетін тәмәмдап, Фурманов ауданы орталығындағы орта мектепте тарих пәнінің оқытушысы болып еңбек жолын бастаған. 1951-1953 жылдары Фурманов аудандық оқу бөлімінде инспектор, 1953-1961 жылдары Фурманов орта мектебінің директоры, 1961-1962 жылдар аралығында Фурманов аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, 1962-1971 жылдары Фурманов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1971-1987 жылдары Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1987 жылы зейнеткерлікке шыққан.
«Құрмет белгісі» және «Дружба народов» ордендерімен, ВДНХ алтын медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», көптеген мерекелік медальдармен, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен және мақтау қағаздарымен марапатталған.
«КСРО-ның халық ағарту ісінің озық қызметкері», Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің, Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер «Евразия» институтының Құрметті профессоры.
Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қарашадағы №37 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.