
1954 жылғы 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Білімі- жоғары. Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы К. Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі жанындағы «Өнер» мектебінің терме сыныбының ұстазы. Орал педагогикалық училишесін 1988 жылы қызыл дипломмен тәмәмдап, «Бастауыш класс мұғалімі» мамандығын алып шыққан. Алғашқы еңбек жолын Жас сегіз жылдық мектебінің ән және музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Облыстық ақындар айтысына қатысушы (1988-1990ж.ж.), республикалық әнші-термешілер байқауының лауреаты (1991 ж.), халықаралық көлемде өткізілген Майра Уәлиқызының 105 жылдық мерейтойына арналған әншілер байқауының лауреаты (2001 ж.), «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011 ж.). Сондай-ақ, 2012-2013 жылдары Чехия, Германия, Болгария мемлекеттерінің арнайы алғыс хаттарымен және бірнеше рет республикалық «Ақ көгершін» балалар қорының алғыс хаттарымен марапатталды. Көп жылғы ұстаздық еңбегі бағаланып, 2013 жылы Елбасының шешімімен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №30-2 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.