Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
БЕРМАҒАНБЕТОВ МАХАНБЕТ БӘЙІШҰЛЫ

1948 жылы 19 тамызда Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы, Казталовка ауылында дүниеге келген. Білімі орта.

Еңбек жолын 1965 жылы «Казталовка» қой совхозында автокөлік жүргізушісі болып бастаған. 1967-1969 жылдары Совет Армиясы қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген.

1969-1977 жылдары Казталовка ауданы орталығындағы ММС, ХРСУ мекемелерінде автокөлік жүргізушісі, автомеханик, 1977-1992 жылдары ветеринариялық-бактериологиялық зертхана және басқа да мекемелерде электрик, механик қызметтерін атқарған.

1992 жылы «Қайнар» жеке кәсіпорнын ашып, бастапқыда құдық қазу жұмыстарымен айналысса, кейіннен 1994 жылы Казталов ауылынан ауданда тұңғыш болып ұн тарту диірменін ашып, қиын кезеңде халыққа өлшеусіз қызмет көрсетті. 1997 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін қайта құрылған «Қайнар» жеке шаруа қожалығына жетекшілік жасады.

«Ерен еңбегі үшін» (1999ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен (2001 ж), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен (2019ж), Т.Рұсқұлов атындағы қоғамдық қорының «Ауыл еңбегі үшін» медалімен (2018 ж), Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен (2018 ж), Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының Алғыс хатымен (2018 ж) марапатталған.

 

         Казталов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 мамырдағы №6-3 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы