Қырғыз Республикасы Премьер-Министрі А. Қасымалиев "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық ғарыш оралығында болды

Қырғыз Республикасы Премьер-Министрі А. Қасымалиев "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық ғарыш оралығында болды

2025 жылғы 25 ақпанда Қырғыз Республикасы Премьер-Министрі А. Қасымалиев ресми сапары аясында "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық ғарыш орталығында болып, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты.


Қазақстан тарапынан оған Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінің халықаралық топтамасын құру жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылды, ғарыштық мониторинг мүмкіндіктері көрсетілді, сондай-ақ спутниктерді жасау кезеңдері таныстырылып, өндірістік участкелерге шолу жасалды.


Бұл кездесу екі ел арасында технологиялық әріптестікті нығайту және ғарыш саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге серпін береді.