«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-16» транспорттық басқарылатын кемесі ұшырылды

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-16» транспорттық басқарылатын кемесі ұшырылды

Бүгін, 2020 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:05-те «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» тасымалдағыш зымыранымен «Союз МС-16» транспорттық басқарылатын кемесінің (ТБК) ұшырылуы сәтті өтті.

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті ұзақ мерзімді экспедициямен баратын экипажы бар «Союз МС-12» ТБК-нің ұшырылымы «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 1 алаңынан («Гагарин стартынан») жүзеге асырылды және штаттық режимде өтті.

Экипаждың құрамында Роскосмостың ғарышкерлері Анатолий Иванишин (командир ТПК), Иван Вагнер (бортинженер) және «NASA» астронавты Кристофер Кэссиди (бортинженер) бар.

«Союз МС-16» ТБК-нің ұшырылымы ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Ұшудың жоспарланып отырған ұзақтығы 196 тәулікті құрайды.

«Союз МС-16» кемесінің ХҒС жақындауы төрт айналымдық схемамен жүргізіледі.

Экспедицияның мақсаттарына ресейлік және американдық жүк кемелерімен жұмыс істеу, стансаның жұмыс қабілеттілігін сақтау, фото- және бейне түсірілімдерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы зерттеулерді орындау кіреді.

Бұдан бөлек, экипаж ХҒС-қа басқарылатын режимде станцияны пайданалау үшін отын, тамақ, су және тағы басқа жүктерді жеткізеді.