
Құрметті Марат Рахмалиұлы! Сізді 60 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Өзіңізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы азамат деп білемін.
Адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді көпшілік саналы ғұмырын Қазақстан Республикасының ғарыш қызметіне арнаған зиялы азамат ретінде таниды. Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие тұлға ретінде елдің құрметіне бөленіп отырғаныңызды және көп жылдан бері атқарып отырған қызметіңізді, абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
Осы қуанышты күнде шын көңілден шыққан ізгі-ниетімді қабыл алғайсыз. Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ-береке тілеймін! Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз жоғары болсын!
Құрметпен,
Бейбіт Атамқұлов