
2019 жылы 30 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 23 сағат 42 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200 алаңынан «Ямал-601» ғарыш аппаратымен «Протон-М» тасымалдағыш зымыраны ұшырылды. Ұшыру штаттық режимде өтті.
«Ямал-601» спутнигі ресейлік «Газпром космические системы» компаниясының тапсырысы бойынша еуропалық Thales Alenia Space компаниясында жасалған. Ол қазіргі «Ямал-202» спутнигін ауыстыратын 49 градустық шығыс бойлық тұру нүктесін алады.
Спутник Еуропалық Одақтың, Ресейдің еуропалық бөлігін қоса алғанда, Калининград облысы, Орал және Батыс Сібір аумақтарына байланыс қызметін көрсетеді. Сондай-ақ «Ямал-601» сәулелерінің жарықтандыру аймағында Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлері орналасады.
«Газпром космические системы» компаниясының деректері бойынша ресейлік орбиталық топтың барлық байланыс спутниктерінің арасында «Ямал-601» ғарыш аппаратының ең үлкен (секундына 30 гигабит) өткізу қабілеті бар.
Анықтама: «Ямал-601» - бұл алдыңғы қатарлы телекоммуникациялық спутник. Жоба Ресей Федерациясында телерадио хабарларын таратуды дамыту бойынша Федералдық мақсатты бағдарламаға кіреді.