Меню

Страницы

Статья

ААШШ МААЖ: Қазақстан Республикасының жолдарындағы ЖКО кезіндегі шұғыл көмек. Ағымдағы жағдай

ЖКО-да зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы халықаралық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, жарақат алғаннан кейін бірінші сағат ішінде көмектің болмауы ("Алтын сағат" қағидаты) ауыр зардап шеккендер арасында өлім-жітім санын 30% - ға арттырады.

"Алтын сағат" қағидатын қамтамасыз ету үшін 2011 жылы Кеден одағына қатысушы елдерде Кеден одағының 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) қабылданды, ол көлік құралдарын шұғыл жедел қызметтерді автоматты шақыру құрылғысымен (бұдан әрі - ШЖҚШҚ) жарақтандырудың міндеттілігін белгілейді. Бұл талап Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдеріне қолданылады және осыған ұқсас жүйелер ЕО (E-Call), АҚШ (Е-911) елдерінде енгізілуде.

Техникалық регламенттің ережелерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасында авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырулардың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ААШШ МААЖ) құрылды, ол 2019 жылдың 21 қаңтарында ведомствоаралық омиссияның шешімімен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

ҚР ИИДМ-нің  2017 жылдың 15 ақпанында №101 бұйрығымен осы жүйенің әзірлеушісі Ғарыштық техника және технологиялар институты, ААШШ МААЖ операторы болып табылады, ал ААШШ МААЖ-нің иесі болып ҚР ТЖМ анықталды.

 ААШШ МААЖ  жұмысы ШЖҚШҚ-ны көлік құралына орнату және оны ААШШ МААЖ-не  тіркеу арқылы қамтамасыз етіледі. ШЖҚШҚ апат кезінде автомобильдің координаттарын автоматты түрде анықтайды және ААШШ МААЖ- не төтенше жағдай туралы хабарлама жібереді. Шұғыл шақыруды қабылдағаннан және жедел өңдегеннен кейін ЖКО туралы ақпарат ААШШ МААЖ -нен  ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне және одан әрі шұғыл жедел қызметтерге қажетті шараларды қабылдау үшін беріледі.

Қазіргі уақытта ААШШ МААЖ-де  510 мыңнан астам автомобиль тіркелген. 2019 жылдың қаңтарында өнеркәсіптік пайдалануға берілген сәттен бастап ААШШ МААЖ-не 2 126 833 қоңырау түсті, оның ішінде 5 325 қоңырау шұғыл болды. Олар жәбірленушілерге жедел көмек көрсету үшін жедел әрекет ету қызметтеріне (112, 102, 103) жіберілді. Әрбір шұғыл шақыру - бұл жүргізуші және(немесе) жолаушы үшін шұғыл жедел қызметтердің жедел ден қоюын талап ететін өлім қаупі туындаған ЖКО орнынан шақыру болып табылады.

ААШШ жүйесінің маңызды функциясы - автоматты режимде жедел қоңырау жіберу мүмкіндігі. Бұл ауыр апатқа түскендер  үшін үлкен маңызы бар, себебі жарақат немесе соққы адамға SOS батырмасын өз қолымен басып  көмек шақыруға мүмкіндік бермейді.

ААШШ жүйесі Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейді. ААШШ қоңырауына басымдық мәртебесі беріледі, бұл ұялы байланыс операторларына тіпті желінің айтарлықтай кептелуі жағдайында да қоңырауды ААШШ жүйесінің операторына беруге мүмкіндік береді. Көлік иесінің ұялы телефоны ұялы байланыс операторының қызмет көрсету аймағынан тыс болуына байланысты төтенше жағдай туындаған кезде ұялы телефонынан жедел қызметтерге қоңырау шала алмайтын жағдайлар тіркелген. Дегенмен, SOS түймесін басу арқылы мұндай көлік иелері көмек алады.

2022 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің ШЖҚШҚ-ны көлік құралдарына орнату міндет еместігі туралы шешім қабылданғаннан кейін, ААШШ МААЖ-де тіркелгендердің үлесі күрт төмендегенін айта кету қажет және сатылған автомобильдер санының шамамен 50% құрайды.

Төмендегі суретте  ААШШ МААЖ-де тіркелгендердің үлесі 2021 жылдан 2024 жылға дейін қалай өзгергенін көруге болады[1].

2024 жылға арналған кестені құру үшін сатылған және  ШЖҚШҚ тіркелген автомобильдердің болжамды мәні қабылданды:

2024 жылы сатылған автомобильдердің болжамды саны 160 000 дана 2024 жылдың 3 айында 39 839 көлік сатылғанына сүйене отырып – Қазақстандағы автомобильдерді ресми сату VERcity 2024 жылдың соңына болжамды статистикасы ресурсынан алынған ақпарат бойынша

2024 жылдың соңына ААШШ МААЖ-де 90 000 ШЖҚШҚ тіркелуі болжанған, бірінші жартыжылдығында ААШШ МААЖ-де шамамен 46 900 көлік құралдары тіркелінген

 

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сатылған автомобильдердің жартысында ШЖҚШҚ істемейді – орнатылмаған немесе орнатылмаған, бірақ тіркелмеген, ал мұндай көлік құралдарының иелері жедел қызметтерді шақыру үшін SOS батырмасын пайдалана алмайды және апат болған жағдайда шұғыл шақыру автоматты түрде жасалады деп сене алмайды.

ААШШ МААЖ-де тіркелген  ШЖҚШҚ болған жағдайда, көлік құралының иесі жедел жәрдем шақыру үшін SOS батырмасын пайдалана алады.

Отсутствие регистрации УВЭОС в ГАИС ЭВАК не позволяет владельцам транспортных средств воспользоваться основным преимуществом данной системы - своевременного информирования экстренных оперативных служб при ДТП. Данная ситуация приводит к возникновению негативных отзывов на работу ГАИС ЭВАК со стороны автовладельцев.

Қазақстан Республикасында ШЖҚШҚ орнатылған, техникалық регламентке сәйкес келетін, бірақ ААШШ МААЖ-де тіркелмеген автомобильдер бар. Бұл автомобильдер Ресей Федерациясынан, Қырғызстаннан және Армениядан әкелінген немесе Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген.  Мұндай жағдай дилерлік орталықтардың ААШШ МААЖ  операторына уақтылы тіркелгісі келмеуіне байланысты болады.

2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Ғарыштық техника және технологиялар институтының бастамасы бойынша ШЖҚШҚ орнатылған, бірақ ААШШ МААЖ - да тіркелмеген автомобильдер үшін ААШШ МААЖ  тіркелмеген көлік құралдарын заңдастыру жүргізілуде. Көлік құралының иесі SOS батырмасын басқан немесе ЖКО кезінде автоматты режимде ШЖҚШҚ-сы іске қосылған кезде ШЖҚШҚ тіркеу автоматты түрде орындалады. Осы жобаның арқасында ААШШ МААЖ-е  11 593 автомобиль қосымша тіркелді.

ШЖҚШҚ-мен жабдықталған автомобильдер 2024 жылдың ақпан айында Ақтөбе облысында басталған боран кезінде нағыз құтқарушы болды. ТЖМ құтқару қызметінің ескертулеріне және республикалық және облыстық автомобиль жолдарының жабылуына қарамастан, жүздеген автомобильдер қарлы жолдармен жүруді жалғастырды және қарлы тұтқында болды. Автокөлік иелері ұялы телефондар арқылы құтқару қызметіне қоңырау шалу кезінде үлкен қиындықтарға тап болды. Мұндай жағдайларда автокөліктері ШЖҚШҚ-мен жабдықталған автокөлік иелері өз көліктеріндегі SOS түймесін басу арқылы көмекке жүгіне алды. Осылайша, олар тек өздеріне ғана емес, басқа да қиындықтарға тап болған адамдардың өмірін сақтап қалды. Боран кезінде ААШШ жүйесіне түскен барлық қоңыраулар тиісті түрде қабылданып, Төтенше жағдайлар қызметіне жіберілді. Автокөліктердің орналасқан жеріне жедел әрекет ету бригадалары жіберілді.

2024 жылы сатылған автомобильдердің болжамды саны 160 000 дана 2024 жылдың 3 айында 39 839 көлік сатылғанына сүйене отырып – Қазақстандағы автомобильдерді ресми сату VERcity 2024 жылдың соңына болжамды статистикасы ресурсынан алынған ақпарат бойынша

2024 жылдың соңына ААШШ МААЖ-де 90 000 ШЖҚШҚ тіркелуі болжанған, бірінші жартыжылдығында ААШШ МААЖ-де шамамен 46 900 көлік құралдары тіркелінген

 

Дата публикации
28 июня 2024
Дата обновления
28 июня 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

07 октября 2024
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
24 июля 2024
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ «Көмірпластиктің соққыға беріктігін арттыру жолдарын зерттеу» тақырыбында жаңа монографияны жариялайды
Пайдалы ақпарат
15 июля 2024
Байқоңыр ғарыш айлағына заңды түрде қалай кіруге болады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы