Меню

Страницы

Статья

Байланыс және хабар тарату жүйесі

Бүгінгі таңда Қазақстанда екі спутниктен («KazSat-2» және «KazSat-3») және оларды басқару бойынша екі жерүсті кешенінен (негізгі – «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы және резервтік – «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы) тұратын «KazSat» сериялы толыққанды байланыс және хабар тарату жүйесі (КСС) құрылды және жұмыс істейді.

Байланыс және хабар тарату спутниктерін жетекші ресейлік кәсіпорындар («KazSat-2» – «М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМУК; «KazSat-3» – академик М. Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ) Thales Alenia Space еуропалық компаниясымен бірлесіп құрды.

«KazSat-2» және «KazSat-3» спутниктері телекоммуникациялық қызметтерді ұсынуға арналған: телерадио хабарларын тарату, телефония, интернет желісіне қолжетімділікті ұйымдастыру, деректерді беру және т. б.

«KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Орталық Азия елдерін, Ресейдің орталық бөлігін, Орта Азия елдерін қамтиды.

«KazSat» ҒБЖ базасында қызметтерді пайдалану мен өрістетуді 2004 жылғы 18 наурызда құрылған «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы («РҒБО» АҚ) қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 195/НҚ «Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау туралы» бұйрығымен «РҒБО» АҚ ҒБЖ ұлттық операторы болып айқындалды.

Дата публикации
19 декабря 2019
Дата обновления
19 декабря 2019
Тип

Сейчас читают

07 октября 2024
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
24 июля 2024
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ «Көмірпластиктің соққыға беріктігін арттыру жолдарын зерттеу» тақырыбында жаңа монографияны жариялайды
Пайдалы ақпарат
15 июля 2024
Байқоңыр ғарыш айлағына заңды түрде қалай кіруге болады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы