Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Байқоңыр. Іске қосу қызметтері

"Байқоңыр" ғарыш айлағы ұшыру қызметін жүзеге асыратын әлемдегі бірінші және ең ірі ғарыш айлағы болып табылады. Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы бірге 8 старттық кешеннен, 13 іске қосу қондырғысынан, құрлықаралық баллистикалық зымырандардың 8 шахталық іске қосу қондырғысынан тұратын "Байқоңыр" кешенін құрайды.

Ғарыш айлағының жалпы ауданы - 6717 км2.

Байқоңыр КСРО-ның бірінші және негізгі ғарыш айлағы ретінде, оның ыдырауына дейін салынды және пайдаланылды, одан кейін ғарыш айлағы одақтық меншіктен Қазақстан Республикасына өтті. Қазіргі уақытта кешен Ресейде 2050 жылға дейін жалға алынған.  

"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда облысында орналасқан ауданы 0,67 млн.га позициялық (старттық) ауданды және зымыран тасығыштардың бөлінетін бөліктерінің құлау аудандарын қамтиды. 

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштардың  (ЗТ) 7 түрін ұшыру жүргізілді, олардың "Энергия", "Союз" және "Зенит" ЗТ-да отын ретінде керосин мен оттегі, ал "Протон", "Циклон", МБР РС-18 және МБР РС-20 ЗТ-да - улы отын – гептил және амил пайдаланылды. Бүгінгі күні "Союз" және "Протон-М" ЗТ ұшыру жұмыстары жүргізілуде.

1994 жылдың наурыз айында Қазақстан мен Ресей "Байқоңыр"ғарыш айлағын пайдалану қағидаттары мен шарттары туралы мемлекетаралық келісімге қол қойды. Шарттың басты тармақтарының бірі қоршаған ортаға РН келтіретін зиянды азайту талабы болды. Осыған байланысты, "Протон" ЗТ технологиялық пысықтаулар жүргізілді. Атап айтқанда, тасымалдағыш зымыраны терең жаңғырту арқылы өтті және қазір оның жоғары экологиялық сипаттамалары бар.

Бұдан басқа, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан гептил мен амил пайдаланатын басқа да ЗТ ұшыру тоқтатылды: 2008 жылдан бастап "Циклон-2" ЗТ, 2011 жылдан бастап МБР РС-20 (Сатана), 2014 жылдан бастап РС-18 МБР (Рокот).

"Зенит" ЗТ ұшыру үшін арналған "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің объектілері 2018 жылы Қазақстан тарапына "Бәйтерек" жобасын іске асыру үшін берілді. Сондай-ақ қазіргі уақытта Байқоңыр кешенінде Гагарин стартын жаңғырту жобасы іске асырылуда.

2015 жылдан бастап 2019 жылдың 28 қарашасына дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 62 ұшыру жүзеге асырылды.

 

Статистика

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан жылдар бойынша ұшыру

Жылдар

Барлығы

«Союз»

«Протон»

«Зенит»

2015

18

9

8

1

2016

11

8

3

-

2017

13

8

4

1

2018

9

7

2

-

2019 (қарашадағы жағдай бойынша)

11

7

4

-

Барлығы

62

39

21

2

Документы
Шешім
16 марта 2023
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
РЕШЕНИЕ о допуске участников конкурса к собеседованию, ГРАФИК проведения собеседования Аэрокосмического комитета Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан
Бұйрық
22 июля 2019
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Об утверждении Правил создания и эксплуатации (применения) космических ракетных комплексов на территории Республики Казахстан
Заң
22 июля 2019
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті
О космической деятельности
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Модернизация «Гагаринского старта»
Перейти
Космический ракетный комплекс «Байтерек»
Перейти
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы